Финансы
246811 2012 жылы Қазақстан "Doing Business" Дүниежүзілік банктің рейтингісінд... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстан Қытайды басып озды

2012 жылы Қазақстан "Doing Business" Дүниежүзілік банктің рейтингісінде Қытай, Түркия, Ресей және тағы бірқатар елдерді басып озып, 49-шы орынға тұрақтаған.

Қазақстан Қытайды басып озды
Фото: finance.obozrevatel.com

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Үкімет елдегі бизнес климатты жақсартуға қажетті жұмыстарды тұрақты атқарып отырады. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың жетекшілігімен тиісті Жұмыс тобы құрылғаннан бастап Қазақстанның Дүниежүзілік банк рейтингісіндегі ұстанымын жақсарту жұмыстары басталды. Жыл сайын өзгеріп отыратын есептеу әдістемесі бойынша Қазақстан осы жылы Қытай (91-орын), Түркия (71-орын), Польша (55 орын), Ресей (112 орын), Беларусь (58-орын), Қырғызстан (70-орын) елдерін басып озып, 49-орынға тұрақтады", - деді министр.

Е.Досаевтың айтуынша, бұдан басқа, биыл Қазақстан бизнесті жүргізуді жақсартқан елдердің тізіміне енген.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 13

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .