245835 Ресми статистика бойынша Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі – 18 ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Сарапшылар Қазақстанның күнкөріс деңгейін көрші елдермен салыстырды

Ресми статистика бойынша Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі – 18 660 теңге, деп хабарлайды "Заң газеті".

Сарапшылар Қазақстанның күнкөріс деңгейін
көрші елдермен салыстырды
фото с сайта ipicture.ru

Бір түсініксіздігі, бұл есептеу кезінде коммуналдық төлем, салық, киім-кешек, баспана жайы сияқты адамның өмір сүруіне қажетті мұқтаждықтар санаққа енгізілмей қалған. Құзырлы органдардың қара халықтың тұтыну себетін 43 түрлі азық-түлікке негіздеп бекітіпті.

Ал, мына көрші Ресейде төменгі өмір сүруге қажетті тауарлар мен қызметтердің саны –156. Сондай-ақ олар әр тұрғын үшін 18 шаршы метрлік баспана шығынын да есепке алған.

Кейінгі кездері өзіміз "бой таластырып" жүрген дамыған елдерде, мәселен, Германияда тұтыну қоржыны – 475, Англияда – 350, АҚШ-та – 300 тағам және қызмет түрімен жасақталған. Статистика жөніндегі агенттіктің дерегі бойынша, еліміздегі орташа жалақы жыл басында 98 мың теңгеге жетіпті. Сонда біздегі ең төменгі күнкөріс шегі орташа айлықтың 20 пайызына жетпейді. Батыс елдерінде ең төменгі жалақы орташа жалақының 60 пайызына дейін құрайды.

Әзірбайжанда ең төменгі жалақы орташа жалақының 40 пайызына тең. Қазақстанда ұлттық табыстың денсаулық сақтау саласына – 3,5 пайызы (ТМД бойынша ең соңғы орын), білім саласына – 4 пайыз қаржысы бөлінген. Салыстыру үшін, денсаулық сақтау саласына Украина мен Беларусь ел табысының 6 пайызын, Америка 18 пайыздан астам қаржысын бөледі екен.

Источник: ЗАҢ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .