245658 Қымбатшылық кезегі суға да келді! Еліміздің бірқатар өңірлерінде су ба... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Елімізде енді су бағасы қымбаттады

Қымбатшылық кезегі суға да келді! Еліміздің бірқатар өңірлерінде су бағасы көтеріліп жатырдеп хабарлайды КТК арнасы.Елімізде енді су бағасы қымбаттады

Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында тариф 50 пайызға, кей аймақта тіпті 97 пайызға өсіп кеткен. Бағаның бұлайша шарықтауын, монополияға қарсы агенттік жарық пен суды тазартуға арналған химиялық қоспалар құнының қымбаттауымен байланыстырады.

Сондай-ақ, жаңа тариф дифференциалды есептеуге де қатысты. Яғни, бұдан былай тіршілік көзін үнемдей білген адам сәйкесінше бағасын да аз төлеп, үнемдей білмегендер қалтасынан қағылады. Мысалы, ақтөбеліктер судың бір кубометрі үшін 49 теңгесін төлесе, оның ысырапшыл көршілеріне 85 теңгеден шығындалуға тура келеді.

Ал суға ең көп ақы төлейтін Ақтау қаласы екен. Мұнда тіршілік нәрінің текшеметрі 166 теңге.

Источник: КТК

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .