Финансы
245505 Жаңа жылдан бастап қыздыру қуаты 75 ватт және одан жоғары электр шамда... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанда жоғарғы қуатты электр шамдарына тыйым салынады

Жаңа жылдан бастап қыздыру қуаты 75 ватт және одан жоғары электр шамдарын жасауға және оларды сатуға тыйым салынады.Қазақстанда жоғарғы қуатты электр шамдарына тыйым салынады

Бұл - энергияны үнемдеу мақсатында қолға алынған шара, деп хабарлайды altaynews.kz. Оның іске асуы "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы" Заңында қарастырылған.

Құжат авторларының айтуынша, заң біртіндеп жүзеге асып, ел жаппай энергия үнемдейтін электр шамдарына көшкенде, еліміз 1 млрд киловатт сағат энергия үнемдейді. Қызатын электр шамдарын өндірістен, одан барып күнделікті қолданыстан шығару үдерісі былтыр басталған.

2012 жылдың шілде айында қыздыру қуаты 100 ватт және одан да жоғары электр шамдары саудадан алынып тасталды. Мемлекеттік мекемелер былай тұрсын, қалың көпшілік үйлеріне энергия үнемдейтін шамдарды орната бастады. Еліміздегі бес зауыт энергия үнемдейтін электр шамдарын шығаруға кірісті. Қызатын электр шамдарын қолданыстан біртіндеп шығару ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әзірлеген заңда қарастырылған шара.

"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы" заң былтыр қаңтар айында қабылданған. Оған сәйкес, келесі 2014 жылдан бастап қыздыру қуаты 25 ватт және одан да жоғары электр шамдарына да тыйым салынады. Аталған заңның қабылдануына үлесін қосқан депутат Виктор Киянский мемлекет қоғамды кіріске қарай өмір сүріп, энергия ғана емес, қалтадағы қаражатты тиімді пайдалануға тәрбиелеуде дейді.

Источник: Altaynews.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 5

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .