Финансы
244772 Ет өнімдері, өсімдік майы қымбаттайды деп күтілуде ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Сарапшылар азық-түлік бағасының шарықтайтынын болжауда

Қымбатшылықтың мұнымен шектелмейтін түрі бар. Сарапшылар жылан жылы халық көп тұтынатын негізгі азық-түлік түрлерінің де құны шарықтайды деп болжам жасап отыр.

Сарапшылар азық-түлік бағасының шарықтайтынын болжауда
фото с сайта ipicture.ru

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. Биыл елімізде ең төменгі зейнетақы артып, 19 мың  066 теңгеге жеткен болатын. Бірақ қосқан ақшаның да есебі табылды. 1-ші қаңтардан бастап еліміздің әр аймағында жылудың бағасы 25, ал электр қуатының құны 11 пайызға қымбаттады.Жангелді Шымшықов, ҚР БҒМ экономика институты филиалының директоры:- Бір жерде кілем, ұялы телефон сынды заттардың бағасын  арзандатып жатыр. Ал мына жерде нан, сүттің бағасы қымбаттауда. Зейнеткерлер күнде ұялы телефон алмайды ғой. Дұрыс есептелмеген. Күнделікті керек дүниені есепке алу керек.

Жаңа жылда теміржолшылар да билет бағасын 12 пайызға өсіріп үлгерді. Техникасының тозығы жетіп, вагондары ескірген теміржолдың күні енді жолаушылардың қаржысына қарап қалыпты. Александр Кирович, "Жолаушылар тасымалы" АҚ вице-президенті:- Бағаны  жолаушылар тасымалы саласындағы шығындарды азайту үшін қымбаттаттық. Сондай-ақ, жолаушылардан түскен қаржыға темір жол жүйелерін  дамытып, биыл 208 су жаңа жолаушылар вагонын сатып алуды жоспарлап отырмыз.

Ең қажетті деген азық-түлік себетіне кірген ет пен май бағасы да  биыл шарықтайды екен. Елімізге азық-түліктің 49 пайызы инфляциясы бізден бірнеше есе жоғары Ресейден тасымалданатынын ескерсек, тамақ  құнының да тұралап қалмайтыны анық, - дейді мамандар.  

Жангелді Шымшықов, ҚР БҒМ экономика институты филиалының директоры:

- Ет өнімдері, өсімдік майы қымбаттайды. Бір қуантарлық жағдай тек күріштің бағасы тұрақты болады.Мамандардың болжамынша, Кеден Одағы аясындағы Ресей мен Беларусьтан келетін импорт көлемі артып, керісінше экспортымыз  азаяды екен. Ресеймен интеграция күшейеді. Біріңғай экономикалық кеңістікке қатысты келісімдер толық аяқталуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, сарапшылар 2013 жылдың экономикалық беталысы әдеттегідей мұнай бағасына байланысты болатынын айтады. АҚШ қара алтынның құнын көтерсе, оған қоса Қашаған кен орнынан мұнай өндіріле бастаса, экономикалық ауыртпалықтар аздап әлсірейді деген үміт те бар.

Источник: КТК

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 7

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .