242917 Назарбаев: Анталия, Дубаймен салыстырмаймын, бізде одан да жақсы болады! ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанда бірегей ертегілік Лапландия жобасы қолданысқа берілді

Мемлекет басшысы бірегей Бурабайдағы "Қазақстандық Лапландия" бірегей ертегі қалашығында болды.Қазақстанда бірегей ертегілік Лапландия жобасы қолданысқа берілді

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Риксос-Бурабай" қонақ үйінің ашылуына қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бурабайда өткен рәсімнің ашылуы барысында Нұрсұлтан Назарбаев бұл нысан бүкіл еліміздің игілігі үшін қызмет ететінін атап өтті.

- Бұл Қазақстандағы ең жақсы бес жұлдызды қонақ үйлердің бірінен саналады. Бұл жерде демалу үшін барлық жағдай жасалған: жақсы жабдықталған бөлмелер бар, кең ауқымды қызметтер көрсетіледі, балалар үшін "Қазақстандық Лапландия" ашылған. Бұл тамаша нысанды біз Жаңа жылдың қарсаңында ашып отырмыз. Мен әуежайды қайта құрылымдауды, сондай-ақ автобанның барын есепке ала отырып, бұл жер келешекте туризмнің орталығы болады деп сенемін. Мен осы қонақ үйді салуға атсалысқанның бәрін құттықтаймын, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа қонақ үйінің маңында үлкен туристік инфрақұрылым құрылатынын және соның нәтижесінде Бурабайда әлемнің көптеген танымал шипажайларынан да жақсы болатынын атап өтті.

Анталия, Дубаймен салыстырмаймын, бізде одан да жақсы!

"Жаңа жылдың қарсаңында біз ашып отырған бұл тамаша нысанды салғандар - түрік компаниясының құрылысшылары, Қазақстан мен Түркия акционерлері басында бұл жер суық болады, тиімсіз деп үлкен қарсылық танытқан еді. Бірақ енді өздері де мұндай кереметті салғандарына риза. Мен де бұған қатысқанымды ұялмастан мойындаймын. Бұл тамаша нысанды салуға қатысқан барлық акционерлерді, құрылысшыларды құттықтаймын. Интерьерлерін, қандай материалдардың пайдаланылғанын қараңыз, оған қоса бұл Бурабайдағы ең таза көл. Мен Көкшетаудың қасында әуежай салғанымыз, Астанадан Көкшетауға және Бурабайға дейінгі автобанды салғанымыз және шағын авиация үшін нысандар салуымызға байланысты бұл жерде айналасы жаңа қонақ үйлер мен коттедждерге толатын тамаша демалыс орталығы болатынына сенімдімін. Анталия, Дубаймен салыстырмаймын, бізде одан да жақсы!", - деді Мемлекет Басшысы.

Н.Назарбаевтың айтуынша, бізде одан да таза, әдемірек. "Біз, қазақтар сияқты қонақжай халық әлемде жоқ, біздегідей әдемі қыздар, бозбалалар, біздегідей қонақүйлер ол жерлерде жоқ", - деді Президент.

"Риксос-Бурабай" - Бурабай шипажайы аймағындағы бес жұлдызды қонақ үй. Жалпы аумағы 26 мың шаршы метр болатын бес қабатты ғимаратта 200 бөлме бар. Жаңа қонақ үй - Қазақстанның Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі бағдарламасында қарастырылған, туризмді дамыту жөніндегі жобалардың бірі.

Сонымен қатар, бүгін Қазақстан Президенті Щучье-Бурабай шипажай аймағында орналасқан "Қазақстандық Лапландия" бірегей ертегі қалашығында болды. Ондағы мұз айдыны бұғы мен ит жеккен шанамен сырғанауға лайықталып жасалған.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 23

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .