242916 Жуырда мәжілісмен бизнесті рейдерлік әрекеттен құтқару мәселесін көтерген болатын ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Азат Перуашев рейдерлік басып алу жүргізді деп айыпталуда

Қытаймен шекаралас жатқан Алматы облысы, Ұйғыр ауданының Кетпен ауылының тұрғыны жерлесі әрі Парламент депутаты, "Ақжол" партиясының жетекшісі Азат Перуашевты рейдерлік әрекет жасады деп айыптап отыр.

Азат Перуашев рейдерлік басып алу жүргізді деп айыпталуда
Азат Перуашев. ©Ярослав Радловский

Ауыл тұрғындарының айтуынша, халық қалаулысы елді мекенде жаңашыл зауыт ашып, инфрақұрылымды жетілдіретінін айтып, уәде берген. Алайда керісінше жергілікті кәсіпкерлердің кәсібіне тосқауыл қойып, жұмыстарына кедергі келтірген көрінеді.

Кетпен ауылының кәсіпкері Юнус Юсупов Азат Перуашевпен кәсібін ортақтастырғанына өкініп қалған. Ең сорақысы сол, қалталы азамат пайдалы ісінің  елу бес пайызын жерлесіне қайтарымсыз аударып берген. Кәсіпкерлер арасында келісімшарт жасалған уақытта Перуашев "Атамекен" одағын басқарып тұрған. Ал Юсупов қолындағы табиғи ыстық бұлақ көздеріне берілген лицензиясы арқылы минералды су шығарып отырған. Алайда дөңгелетіп отырған кәсібі қаржылық дағдарысқа тап болғанда, танымал жерлесінен көмек сұрауға мәжбүр болған.

Содан бері төрт жыл өтсе де, кәсіпкер әріптесінен бір тиын көрмегенін , керісінше құрылтайшылық құжаттардан айырылып қалғанын айтады.

Юнус Юсупов, кәсіпкер:

-Осы уақытқа дейін бір тиын салған жоқ. Менің ондай адамға қара жабайын деген ойым жоқ. Сондықтан ойдан ештеңе шығарып тұрған жоқпын. Бар қалайтыным құжаттарымды қайтарып берсін. Мен болашақта да адамдармен жұмыс істегім келеді.

Кәсіпкерді өзге де жерлестері қолдап отыр. Ауыл азаматтары  халық қалаулысының ерсі қылығына наразылықтарын білдіріп, қарапайым адамға құжаттары мен мөрін қайтарып беруді талап етіп отыр. Олар да кәсіпкерді Астанадағы беделді  шенеунік қолдаймын деп, алдап кеткенін растады.

Юнус Юсупов кәсіпкерлік құжаттар мен мөрді сот арқылы қайтып алмақ. Іс Талдықорғанның арнайы  аймақаралық экономикалық сотында қарастырылып жатыр. Алайда депуттың адвокаты кәсіпкердің шағымын орынсыз деп отыр. Айтуынша, тұралап қалған кәсібін Перуашевқа өзі беріп, енді арыз жазып жүрген көрінеді.

Естіріңізде болса, депутат Азат Перуашев төрағалық ететін "Ақжол" партиясының фракциясы  жекеменшікті қорғайтын заңнаманы ұсынды. Партиялықтардың бұл  жаңашылдығы кәсіпті мемлекет пен жеке азаматтар тарапынан болатын  рейдерлік әрекеттен құтқаруды көздейді.

Источник: 31 канал
В статье: Новости Алматы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 30

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .