Финансы
241737 Мәжіліс депутаттары елдегі азық-түлік бағасын реттеу мен күнкөріс деңг... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Мәжіліс депутаттары күнкөріс деңгейін көтеруді ұсынуда

Мәжіліс депутаттары елдегі азық-түлік бағасын реттеу мен күнкөріс деңгейін көтеруді ұсынуда.Мәжіліс депутаттары күнкөріс деңгейін көтеруді ұсынуда

Төменгі палатада бас қосқан қалаулылар Ауылшаруашылық, Сауда және экономикалық даму министрліктерін шақыртып азық-түлік мәселесін талқылады. Тіпті, бір күндік азық-түлік себеті де назарға ұсынылды. Ал ең төменгі күнкөріс минимумы 17 мың теңгеге жуықтайды.

Нұржамал Қазыбекова - Астана тұрғыны. Туғалы осында күн кешіп келеді. Зейнеткердің мемлекеттен алатын зейнетақысы тамағы мен дәрі-дәрмегіне әрең жетеді. Қалған шығынын арқаның қақаған суығында көшеге шығып, шұлық пен темекі сатып табады.

НҰРЖАМАЛ ҚАЗЫБЕКОВА, зейнеткер:

 - 15 мың пенсия аламын. Ол маған жетпейді. Аяғыма дәрі алуым керек. Не тамаққа жетпейді, өзім квартирадамын. Сол үшін қысты күні тоңып тауар сатып тұрмын.

Ал мәжілісте азық-түлік себеті мен күнкөріс деңгейін арттырудың жолдарын іздестірген қалаулылар ортаға түрлі ұсыныстар тастады. Ең төменгі мөлшер 17 мың теңгенің дені сау адамға жетпейтінін депутаттар да біліп отыр. Алайда, бағаны бағындырудың жолын таба алар емес. Бірі, отандық тауарды импорттық өнімдерден қорғауды ұсынса, бірі азық-түліктің нарықтағы бағасын төмендету үшін алып-сатар делдал атаулыны аластатуды ұсынды.

ГҮЛНӘР СЕЙІТМАҒАНБЕТОВА, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Кейбір статистикалық деректерге қарайтын болсақ, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өмір сүріп отырған халықтың проценті 40 проценттен асады.

Демек, азық-түлік себетіндегі тауарлардың бағасы күнкөріс минимумынан жоғары. Ал әр адам бір айда екі келі ет пен 170 грамм күріш тұтынады дегенге кім сенеді? Бұл тағамтану институтының ұсынған нормасы.

Источник: 31 канал
В статье: Новости Астаны

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 3

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .