241000 Байқоңырды 2050 жылға дейін жалға алған Ресей Федерациясы ғарыш айлағы... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Ресейліктер біртіндеп Байқоңыр ғарыш айлағынан шығарылады

Байқоңырды 2050 жылға дейін жалға алған Ресей Федерациясы ғарыш айлағынан біртіндеп болса да шығарылады.Ресейліктер біртіндеп Байқоңыр ғарыш айлағынан шығарылады

Алайда, бұл ресейліктерден біржолата арылу деген сөз емес. Себебі, жаңадан жасалатын жаңа зымыранды игеруге Қазақстан да ынталы. Сондықтан, көршілеріміз амалсыз ығысуға мәжбүр. Бұл мәселені қос мемлекеттің басшылары да талқылап, уағдаға келген. Бұл туралы бүгін "Қазғарыш" агенттігінің төрағасы мәлім етті.

ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ, "ҚАЗҒАРЫШ" ҰЛТТЫҚ ҒАРЫШ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Сондықтан, біз Қазақстан тарапының осы жобаға атсалысуына бар күшімізді салып отырмыз. Егер бәрі ойдағыдай болса, "Зенит" іске қосу қызметін атқаратын болады.

Президенттер де мұны талқылап, осындай байламға келді. Ал, талай жылдан бері айтылып жүрген "Бәйтерек" ғарыш зымыранының әзірге дайын болар түрі жоқ. Бастапқыда оны "Ангара" зымыран тасығышына ұқсатып жасап береміз деген ресейліктер сөзінде тұрмаған. Жиырма жыл уақыт өтсе де, кешеннің құрылысы бітер емес.

Сондықтан, қазақстандық тарап аталмыш бағыттан бас тартпақ. Оның орнына бұрыннан бар "Зенит" ракетасының жобасы қолданылуы мүмкін. Оның үстіне зымыранның затын да, атын да өзгертіп, қайта жасап шықсақ, қазына қаржысының 2 млрд доллары үнемделетін көрінеді.

Источник: 7 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 8

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .