Финансы
240561 Қазақстанда "Тұрғын үй Жинақ Банкі" АҚ жинақ жүйесі бойынша 2020 жылға... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

70 мың отбасы жинақ жүйесі арқылы баспаналы болмақ

Қазақстанда "Тұрғын үй Жинақ Банкі" АҚ жинақ жүйесі бойынша 2020 жылға дейін 70 мың отбасы баспаналы болмақ, деп хабарлайды BNews.kz.70 мың отбасы жинақ жүйесі арқылы баспаналы болмақ

"Тұрғын үй Жинақ Банкі" АҚ басқармасы төрайымы Нұрбүбі Наурызбаеваға сілтеме жасап. "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша "Тұрғын үй жинақ Банкі" жинақ жүйесі арқылы елімізде 2020 жылға дейін 70 мың отбасы баспаналы болып, осы жүйе арқылы 4,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынбақ", - деді "Тұрғын үй Жинақ Банкі" АҚ басқармасы төрайымы.

Алматы қаласында осы жүйе бойынша "Тұрғын үй Жинақ" банкінің 264 клиенті жыл соңына дейін әл-Фараби мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында орналасқан "Айгерім" тұрғын-үй кешенінен баспана алады. Солардың ішінде 10 отбасы бүгін пәтер кілтіне ие болды.

Сонымен қатар, "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша "Мамыр" тұрғын үй кешеніне мемлекет бюджетінен 11 млрд теңге бөлінді. 2013 жылдың сәуіріне дейін осы тұрғын-үй кешенінің 1095 пәтерін жинақ жүйесі арқылы сатылымға шығару жоспарлануда.

В статье: Новости Алматы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .