Финансы
239826 Мұндай биік тұғырға Қазақстан өз тарихында ешқашан көтерілген емес ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстан "А" биіктігін бағындырды

20 қараша күні жаһандық атақты "Fitch" рейтингтік агенттігі бірінші болып Қазақ елінің әлеуетін осынша жоғары бағаладыҚазақстан "А" биіктігін бағындырды

Әлемдік қоғамдастықты қайран қалдырып отырғаны - Қазақстанның рейтингінің жоғарылауы, тіпті дамыған елдердің рейтингінің құлдырауы аясында жүруде: жаһандық дағдарыстан кейін аяушылық танытуды қойған алпауыт рейтингтік агенттіктер Италия, Испания, тіпті Еуроодақтың "экономикалық локомотивінің" бірі - Францияның бағасын кемітуде (осы аптада Moody's рейтингтік агенттігі Францияның рейтингін "AA1"-ге дейін төмендетті, сөйтіп, бұл ел ең жоғарғы "трипл А" - "ААА" рейтингін жоғалтты).

Сонымен, дүниежүзілік "Fitch" рей­тингтік агенттігі Қазақстанның "рейтинг бойынша "елдік межесін" бұған дейін болған "BBB+"-тен "А-"-ке дейін көтеріп отыр! Мұндай биік тұғырға Қазақстан өз тарихында ешқашан көтерілген емес. Бұған қоса, "Fitch" Қазақстанның ұзақ мерзімді рейтингін бұған дейінгі "ВВВ"-ден "ВВВ+"-ке дейін, яғни бір саты жоғарылататынын жариялады. Бұл ретте агенттік мемлекетімізге "тұрақты" деген болжам тағайындады. Бұл - ха­лықаралық сарапшылар мен аналитик­тердің Қазақ елінің келешегіне зор сеніммен қарай­тындығын паш етеді.

"Fitch" рейтингтік агенттігінің әлемге ресми таратқан мәлімдемесіне жүгінсек, Қазақстанның рейтингінің бұлайша көтерілуіне "оның сауда балансы бойын­ша көрсеткішінің ары қарай нығайып жатқандығы", "мемлекеттік қарызының төмендігі", "экономикасының өсу келе­шегінің күштілігі", сондай-ақ "елдің банк жүйесін сауықтыруға бағытталған қа­дамдары" ықпал еткен.

Тағы бір қызығы, халықаралық сарап­шылар осындай әлеуеттері бойынша Ресей Қазақстанмен тіпті қатар тұра да алмайды деп шешіпті.

"Fitch Ratings" Ресей Федерациясының "елдік межесі" рейтингін "BBB+" деңгейінде қалдырды. Ол ол ма, солтүстік алпауыт көршіміздің ұзақмерзімді рейтингі "ВВВ" деңгейінде ғана расталды. Болжамы - "тұрақты". Бұл ретте ха­лықаралық агенттік Ресейдің мықты жағы ретінде "күшті мемлекеттік балансты", "сыртқы нетто-кредитор", яғни қайта басқа елдерге қарыз беретін мемлекет ретіндегі Ресейдің позициясын, сондай-ақ "айырбас бағамының икем­ді­лігінің артуын" атады. Ал кемшілігі - "бюджетті нығайту бағытында тым баяу жылжуы" және "мұнай бағасының құ­былуы мен жаһандық экономикалық ах­уал­дың бел­гісіздігі аясында құрылымдық ре­фор­маларды баяу жүргізуі" болып отыр.

Батыстық белді сарапшыларға қазақ­тардың "малшашпаққа" көп бой ұрмай, қайта жинақтауға бейім болып отырғаны қатты ұнауда. Олар осыны айрықша атап өтеді: "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында жинақталып жатқан егеменді активтері экономикалық есең­гіреулер жағдайында бұл елдің беріктік қорының өсуін қамтамасыз етеді, - де­лінген осы рейтингтік агенттіктің ресми хабарламасында, - "Fitch"-тің болжам­дары бойынша, бұл мемлекеттің таза шетелдік активтері 2014 жылдың аяғына дейін ІЖӨ-нің 45%-ына жетеді, бұл көрсеткіш 2011 жылдың аяғында ІЖӨ-нің 37%-ына дейін артқан болатын".

Бұл жерде Қазақстан Үкіметінің алдағы жаңа жылда әлемдік ең бір ірі кен орны - "Қашағанның" мұнайын өндіруді бастау жоспары ескеріліп отыр. Сонда еліміздің Ұлттық қорында қордаланатын қазынасы 15 триллион теңгеге жетеді деп күтілуде.

"Fitch" агенттігі осы орайда "Қазақстан 2013 жылы ішкі жалпы өнімнің шамамен 3%-ы мөлшерінде бюджет профицитіне қол жеткізеді" деп болжауда.

Әзірге биыл­ғы жыл бюджеті, керісінше, тапшылықты болды. Бұл ретте халықаралық рейтинг агенттігінің мамандары келер жылғы әлем­дік мұнай бағасын орта есеппен, "бір бөшкесі (баррелі) үшін 100 доллар көлемінде болады" деп алып отыр. Оның үстіне олар Қазақстан қазынасы дегенде, "жалпымемлекеттік бюджет" ұғымын пайдалануда, ал оған Ұлттық қор да кіргізілуде.

Яғни ел бюджеті келер жылы да тапшылықты болса, әйткенмен, Ұлттық қор қазынасының ауқымы артса, "жалпымемлекеттік бюджет" бәрібір "профицитті" болды деп саналмақ. Бұл жерде тіпті мұнай бағасы бір баррелі үшін 80 долларға дейін құлаған жағдайда да, Қазақстанның жалпымемлекеттік бюд­жеті профицитті (кірісі шығысынан ар­тық) болып қалатындығы атап өтіледі.

Бұған қоса, "Fitch" алдағы екі жылда қазақстандық өндіруші сектордың өсу қарқынының артуын күтуде: "Қазіргі кезде қуаттылықтардың ұлғаюы байқалып отырғандығын ескерсек, орта мерзімді перспективада елде мұнай өндіру және тау-кен секторындағы өндіріс өседі" деп хабарлайды агенттік.

"Fitch" Қазақстан Үкіметінің, жүргі­зіліп отырған саясат аясында, 2012 жылы банктерді өз баланстарындағы жаман активтерден құтылуға итермелейтін оң қадамдар жасағандығын атап көрсетеді. Бұл ретте әлемдік агенттік, жаһандық дағ­дарыс "жағадан алған" 2008 жылғыдай тә­жірибенің қайталануы - "отандық банк­терге мемлекеттің енді мол жаңа қаржы-ресурстар құюы" мүмкіндігінің өте аз екендігін түсінеді, бірақ осының өзі оның мамандарының Қазақстанның әлеуетіне деген сеніміне селкеу түсіре алмағанға ұқсайды.

Бұған қоса, халықаралық рейтингтік агенттік егер ел Үкіметі Ұлттық қорға қол­ды мол сала берсе, Қазақстанның рей­тингі төмендейтіндігін ескертеді.

Атап айтқанда, шенеуніктер алда салықтардың аз түсуі кесірінен туындауы мүмкін бюд­жет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қор­дан тағы 180 миллиард теңге қосымша қар­жы алмақ. Ел Парламенті бұған өз келі­сімін беріп те қойды. Бұған дейін "мұнай қорынан" бюджетке жыл сайын тек 1 триллион 200 миллиард теңге қаржы алып отыру көзделген болатын. Әлемдік агенттік "банк секторын қазіргіден де тиімдірек тазалау рейтингке оң ықпал етер факторға айналар еді" деп жөн көрсетеді.

Әлемдік дағдарысқа дейін қазақстандық банктер шетелдік қаржы институттарынан 3-4 пайыздық ставкамен қаражат алып, оны Қазақстанға әкеліп, 15-20 пайызға дейінгі пайыздық үсте­мемен несиеге "сатып", пайдаға кенеліп келді. Ал қазір Ұлттық банктің дерегінше, олар тек депозиттердегі салымдарды несие ретінде таратып, солардың үстінен пайда тауып, күн көруде. Демек, қазақ­стандық мұндай қаржылық құрылым­дардың қатарын әлі де оңтайландыра, ықшамдай түсуге болар еді. Сонда оларды бақылауда ұстау да жеңілдейді.

Источник: Айқын

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 21

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .