Финансы
239308 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасы қараша халықтың қалтасын қағып тұр ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Елімізді жаппай қымбатшылық басты

Әсіресе күнде қолданыстағы ет, сүт өнімдерінің бағасы шарықтап тұр. Солтүстік өңірде қоғамдық көліктердегі жол құны өссе, Өскеменде көкөніс бірден көтерілген.

Елімізді жаппай қымбатшылық басты
Фото: газета "Литер"

Мәселен, Шымкентте осы аптадағы еттің бағасы 200-300 теңгеге өссе, Оралда сиыр етінің бір келісіне 100 теңге қосылған. Қостанайдағы баға да осы көлемде.

Тараз қаласында да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасында өсім байқалады. Жиі тұтынатын азық түрлерінің 14-і бірдей қымбаттаған. Әсіресе көшбастап тұрған ет өнімдерінің бір келісіне 100 теңге қосылған. Ірімшік 41, сүзбе 23 , сары май 24, өсімдік майы 26 теңгеге шарықтапты.  Қара шай бағасы да қараша халықтың қалтасын қағып тұр. 93 теңгеге қосылып.  Қазір бөлшек саудада бір келісі 1500 теңгеге бірақ жеткен. Бұдан бөлек пияз, қырыққабат, кеспе өнімдерінің бағасы да сын көтеріп тұрған жоқ.

Бақытжан ОРЫНТАЕВ, Өнеркәсіп және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының қызметкері:

- Ет өнімдерінің 120 теңгеге дейін жеткенін айтады. Ал пияз бағасының өсу себебін егіс алқаптарында жиналмай қалғандығымен түсіндіреді.

Ал күнделікті қолданыстағы азық-түлік өнімінен өзге, Петропавлда троллейбустардағы  жол ақысы 45 теңгеге жеткен. Жол құнын өсірмесе, өздері қарыздың астында қалатындарын түсіндірген парк басшылары қазан айының жалақысын жүргізушілерге бере аламй отырғандарын айтады.

Сондай-ақ, өңірде қыс басталмай жатып, қордың түбі көрінгендіктен, бұршақтың бір келісі үшін 700-800 теңге беруге тура келеді.

Сондай-ақ, Өскеменде күнбағыс майы да қымбатшылыққа тап болған. Бұған қоса, жаңа жыл қарсаңында кондитерлік өнімдер мен қазақстандық шырындардың да бағасы шарықтаған.

Источник: 31 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 11

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .