Финансы
237905 Қазақстандағы көмірдің геологиялық қоры 150 млрд тоннаға бағаланып оты... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстандағы көмір қоры енді 300 жылға жетеді

Қазақстандағы көмірдің геологиялық қоры 150 млрд тоннаға бағаланып отыр.Қазақстандағы көмір қоры енді 300 жылға жетеді

Бұл туралы бүгін Қазақстан энергетиктерінің VIII кеңесі барысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Қазақстан аумағында 400-ден астам тас және құба көмір кен орындары бар. Еліміздегі көмірдің геологиялық қоры 150 млрд тоннаға, баланстық қоры 33,6 млрд тоннаға бағаланып отыр. Көмірді дәл қазіргідей пайдалансақ, бұл қор 300 жылдан астам уақытқа жетеді", - деді вице-министр.

Ол сондай-ақ көмір өнеркәсібіне салынған инвестиция туралы айтып берді. "Алдағы он жылда көмір өнеркәсібіне тартылатын инвестиция көлемі шамамен 614 млрд теңгені құрайтын болады. Бұның ішінде, жаңа инновациялық технологияларды енгізу мен құрылыс жүргізуге 260 млрд теңге, шахта қорын жаңартуға 300 млрд теңгеден астам инвестиция тартылмақ", - деп толықтырды ол.

 

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 7

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .