237747 Келесі жылы Қазақстанда ондаған жаңа тұрғын үй салу комбинаттары құрыл... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанда жаңа тұрғын үй салу комбинаттары құрылады

Келесі жылы Қазақстанда ондаған жаңа тұрғын үй салу комбинаттары құрылады. Бұл туралы бүгін Астанадағы конференцияда Үкімет басшысы Серік Ахметов мәлім етті.

Қазақстанда жаңа тұрғын үй салу комбинаттары құрылады
Фото с сайта thenews.kz

Премьер-Министр атап көрсеткендей, "Қолжетімді баспана - 2020" мемлекеттік бағдарламасына іске асыру жұмысында бизнес саласы ерекше белсенділік танытып отыр.

"Біз басында ойлағанбыз, тұрғын үй салу комбинаттарын мемлекеттің өзі салады. Одан кейін барлық жағдайды, инфрақұрылымды жасаймыз. Содан бизнес пен халық келіп, ары қарай алып кетеді деген ой болған. Дегенмен, бизнес өзі келді. Қазіргі кезде 12-15 (бизнес нысандар - авт.) өз еркімен "Қолжетімді баспана - 2020" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп отыр. Менің ойымша, келесі жылы бізде ондаған жаңа тұрғын үй салу комбинаттары құрылады. Олар баспананы шапшаң салып, халыққа арзан бағаға ұсынады деп сенемін", - деп атап көрсетті С.Ахметов.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 5

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .