Финансы
237417 Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Әрбір Қазақстан азаматына 17 гектар жер тиесілі

Бүгін Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров осылай мәлім етті.

Әрбір Қазақстан азаматына 17 гектар жер тиесілі
Фото с сайта eichmatthof.ch

"Қазақстан Еуразиялық құрылықтың 272 млн. гектарға тең аумағын алып жатыр. Сондай-ақ, жер көлемі бойынша ең ірі 10 мемлекеттің құрамына кіреді. Ал, еліміздің бір тұрғынына шаққанда тиетін жер 17 гектарға тең болса, оның ішінде әрбір тұрғын 1,5 гектар егістік жерімен қамтамасыз етілетінін айта кету керек. Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады",-деді Қ. Отарбаев.

Агенттік төрағасының айтуынша, елімізде жер қорының 7 жер санаты бар. Осының өзі жердің ел экономикасының қай саласында да болса да үлкен әлеуетке ие екендігін білдіреді.

"Осы жерлердің тек 4 санатының бағалау құны 4,5 трлн. теңгені құрайды",-деді Қ. Отаров.

Еліміздегі жердің игерілмеуінің басты себебі, тұрғын үй құрылыстарына берілген жер телімдерінде тиісті инфрақұрылымның болмауына байланысты орын алған.

Агенттік төрағасының айтуынша, жерді тиімді әрі ұтымды пайдаланудың ең басты мәселесі оны кешенді түгендеуге байланысты болып табылады. "Ағымдағы жылы еліміздегі жеке тұрғын үй құрылыстарына берілген жер учаскелерін түгендеу жұмыстары жүргізілді. Республика бойынша түгендеу жұмыстары толық аяқталып, участоктарды зерттеу жұмыстары 100 пайызға орындалды",-деді Қ. Отаров.

"Қажетті инфрақұрылымның жоқтығын көптеген өңірлерде елді мекендердің бас жоспарының және оларды игерудің егжей-тегжейлі жоспарлаудың болмауымен түсіндіреді",-деді Агенттік төрағасы Қ. Отаров.

Елімізде 1,5 млн. гектардан астам жер жеке меншіктің пайдалануына берілген.

Төрағаның айтуынша, қазіргі таңда жеке меншікке берілген жер көлемі 1,5 млн. гектарды құрап, 0,6 пайызға тең болып отыр.

"Бұдан бөлек республика көлемінің 34 пайызын құрайтын 92 млн. гектардан астам жер уақытша пайдалану құқығымен тапсырылған. Елімізде жерді қайта құрудың тұрақталуына байланысты бүгінгі күні жерді тиімді, ұтымды пайдалану мәселесі бірінші кезектегі өзекті мәселе болып табылады", - деді Қ. Отаров.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 14

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .