226749 Қазақстандықтардың 22,1 пайызы отандық нарыққа IKEA-ның қосылуын күтсе... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстандықтар отандық нарықта қандай брендтерді күтуде

Қазақстандықтардың 22,1 пайызы отандық нарыққа IKEA-ның қосылуын күтсе, шамамен соншама адам бұл брендтің Қазақстанда пайда болғанына қарсылық білдірген.

Қазақстандықтар отандық нарықта қандай брендтерді күтуде
Фото: ochered.info

Сауалнаманы Kapital.kz порталы өз қолданушылары арасында жүргізген. Тұрғындардың 16,2 пайызы – McDonalds-тің, ал 12,3 пайызы – Apple-дің Қазақстанда пайда болғанын қалайды. Қазақстандықтардың тағы 7,8 пайызы – Starbucks Coffee Company-ді, 5,9 пайызы – H&M-ді өз нарығымыздан көргісі келеді.

Аталған брендтердің барлығының өз нарығымызда пайда болуын сауалнамаға жауап берушілердің 13,7 пайызы күтуде. Айта кетейік, қазақстандық нарық өкілдерінің пікірінше, аталмыш брендтердің біздің елімізде қызметтерін ұсынуына нарық көлемі, тұтынушылар мәдениеті, заңнама мен басқа да себептер кедергі болуда.

Сондай-ақ көп нәрсе франшиза иелерінің өздеріне де байланысты. Батыс нарығында франшизаға ие бола отырып, әлемдік корпорациялар қазақстандық нарықты игеруге де қызығушылық танытуы мүмкін. Алайда франшизаның қымбат екенін ескерсек, олар біздің нарықты игеру үшін тәуекелге бел бууы керек.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .