Финансы
225983 Бүгін Астанада өткен семинар-кеңес барысында Экономикалық даму және са... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Банктер неге екі есе артық құн сұрайды

Бүгін Астанада өткен семинар-кеңес барысында Экономикалық даму және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Сәркеев екінші деңгейлі банк өкілдеріне осындай сауал тастады, деп хабарлайды BNews.kz.Банктер неге екі есе артық құн сұрайды

"Біз, Комитет басшылығы аймақтарға жиі сапар жасаймыз. Сонда бізге еліміздің түпкір-түпкіріндегі тұрғындар "екінші деңгейлі банк филиалдары несие сұрап барғанда, кепілдеме үшін екі есе құн сұрайды" деп шағымдарын білдіріп жатады. Мысалы, бір кәсіпкер 100 мың теңге несие сұраса, Сіздер оған құны 200-250 мың теңгеге бағаланатын кепіл қоюды талап етеді екенсіздер. Мен 2005-2006 жылғы дағдарыс салдарын сылтауратып, сол кезде ақшаны оңды-солы шашқан банктер енді жақсы жұмыс істей бастағанын, сол жылдары несиесін өтей алмаған азаматтардың кесірінен шығынға ұшырап, өз талаптарын күшейткенін айтып ақталамын. Бірақ, шын мәнінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерге қойылатын талаптардың неге мұндай екенін түсіндіріп беріңіздерші", - деді комитет төрағасының орынбасары банк қызметкерлеріне сауал тастай отырып.

Семинар-кеңеске қатысушы бірқатар екінші деңгейлі банк қызметкерлері нақты жауап бере алмағанымен, бұл мәселені жеке жиын өткізіп, қарау керектігін алға тартты. "Кез келген банктің бірінші талабы: кәсіпкер не болмаса кәсіпорын кем дегенде 6 ай тұрақты қызметпен айналысып, нақты кірісі мен шығысын көрсетуі керек. Тым болмағанда 6 ай жұмыс істемеген кәсіпорынға банк несие бере алмайды. Ал, кепілдеме құнына келетін болсақ, өзіңіз айтқандай, банктер дағдарыстан кейін талаптарын күйшеткен. Сондықтан, мен өз әріптестерімің сөзіне қосыламын, яғни бұл мәселені министрлік, үкімет деңгейінде қарау керек", - деді Еуразиялық банк өкілі Бексұлтан Руслан.

Осы ретте "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының мәліметіне сүйенсек, кәсіпкерлерге несие беру бойынша еліміздегі "БТА банкі", "Банк Центр Кредит" банкі, АТФ және Халық банкі белсенділік танытып отыр.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .