225735 Сарапшылар елордада жер жетіспейтінін айтады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Ең қымбат жер телімдері Астанада сатылады

Ең қымбат және ең өтімді жер телімдері Астанада Бейбітшілік және Келісім сарайы (Пирамида) ауданында орналасқан.

Ең қымбат жер телімдері Астанада сатылады
Фото: © Максим МАСЛОВ

Бұл туралы "ABC Royal Estate" жылжымайтын мүлік агенттігінің атқарушы директоры Расул Биккинин BNews.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында хабарлады.

"Бізде аудан көп емес, соңғы жаңа аудан – бұл Пирамида ауданындағы коттеджді елдімекен. Ең қымбат баға қазір сонда, ауданның болашағы зор болғандықтан сұраныс та жоғары. Комсомол елдімекені мен Көкталға да қоныстанғысы келетіндер көп", - деді Биккинин.

Сонымен қатар, ол Астанада жер нарығы қазір жоғары сұраныспен пайдаланылып жатқанын атап өтті. "Астана жапан далада тұрған қала сияқты көрінеді, алайда қызық естілсе де айтайын, қалада жер жетіспейді. Яғни, 10-нан 50 сотыққа дейінгі коммерциялық құрылысқа арналған жерлерді табу қиын. Қалада жер аз, үлкен сұраныс бар, егер жер пайдалануға берілсе, бірден сатылады. Бағасы да арзан емес. Жеке үй салуға арналған жерлердің де құны шарықтап тұр", - деп атап өтті сарапшы.

В статье: Новости Астаны

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 3

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .