Финансы
222751 Ала таңнан бері шымкенттік май құю бекеттерінде кезектен көз ашылмады.... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Бензин бағасының төмендеуі шымкенттік май құю бекеттерін әбігерге салды

Ала таңнан бері шымкенттік май құю бекеттерінде кезектен көз ашылмады. Көлік жүргізушілер Үкімет уәде еткен төмен бағаға қол жеткізді.

Бензин бағасының төмендеуі шымкенттік май құю бекеттерін әбігерге салды
Фото: РИА Новости

Көптеген жүргізушілер бактарын толтырып алуға тырысты. 1tv.kz сайтының тілшісіне көлік жүргізуші Владимир Иванов айтып бергендей, ол жанармайды артығымен сатып алып қоймақшы, себебі тамыз айында бағаның осы деңгейде сақталатынына сенбейтін сыңай танытты.

Шымкенттің әр бөлігіндегі маю құю бекеттерінде көліктер ұзыннан-ұзақ кезекке тұрды. Айта кетейік, Шымкенттегі жанармай бағасының төмендеуі қоғамдық көліктегі жолақының қымбаттауымен сәйкес келіп отыр.

Енді қалалық автобус немесе шағын автобуста жол жүру құны 45 теңге тұрады. Жергілікті тұрғындар жанар-жағармай құнының төмендегеніне қарамастан, жолақының қымбаттағанына наразы. Шымкент жолаушы тасымалдаушыларының өкілі Дархан Қаюпов 45 теңгенің автопарктегі жағдайды бәрібір түземейтіндігін, сондай-ақ көлік компаниялары иелерінің қала немесе облыс бюджетінен жәрдемақы күтіп отырғандарын айтты.

Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап Қазақстандағы жанармайдың шекті бағасы төмендетілді. Сонымен, дизель майының бір литрі – 90 теңге, Аи-80 – 86 теңге, Аи 92/93 – 106 теңге тұрады.

В статье: Юко, Шымкент

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .