222377 Қазақстандық теңгенің орнына үш елге ортақ валюта енгізу мәселесі соңғ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Отандық сарапшылар ортақ валюта енгізу идеясына қарсы шықты

Қазақстандық теңгенің орнына үш елге ортақ валюта енгізу мәселесі соңғы уақытта жиі айтыла бастады.

Отандық сарапшылар ортақ валюта енгізу идеясына қарсы шықты
Фото с сайта blogspot.com

Ресейдің экс-президенті, қазіргі премьер Дмитрий Медведев бұл идеяны Ресей Думасында қайта көтергеннен бері, қазақтың зиялы қауымы арасында осы жайтқа қатысты наразылық күшейіп келеді. Қоғам қайраткерлері Ресей-Беларуспен валюта біріктіру - елдің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін қадамдардың бірі деп есептейді.

"Төл теңгеміз" деген тіркесті ұлттық мақтанышпен айтатын халық та ортақ ақшаның енуін құптап отырған жоқ. Егер біз одан бас тартсақ, дербес мониторлық, фискалдық саясаттан жерідік деген сөз -дейді экономист Мұхтар Тайжан. Олай болған жағдайда, бірегей эммисиялық орталық құруға мәжбүр боламыз. Яғни, инфляцияны ауыздықтайтын тетіктер азаймақ. Ресейге деген тәуелділігіміз артып, жалауымыз жығылмақ -дейді ол.

МҰХТАР ТАЙЖАН, ЭКОНОМИСТ:

- Ресейдің экономикалық жағдайы бізден 14 есе үлкен, демографиялық жағдайы 10 есе үлкен. Сондықтан, ешқандай демократиялық одақ Ресеймен құруға мүмкіндік жоқ.

Ал, кезінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары болған Бейсенбек Зиябеков 90-жылдары экономикамыз тоқырауға ұшырап, жұмысшыларға жалақы төлеуге тиын таппай отырған кезде, Ресейдің бізге деген бүйрегі бұрмады.

Арадағы қарым-қатынасты балташа шауып, қиналғанымызға пысқырмай бізді рубль шеңберінен итеріп тастады -деп отыр. Халықтың әлеуметтік жағдайы құлазыған уақытта қарайласпады, көршілік шапағатын жаудырмады. Енді неге олардың ығына жығылып, қалауына көнуіміз керек -деп налиды экономист.

Ресейдің экономикалық жағдайы бізден 14 есе үлкен, демографиялық жағдайы 10 есе үлкен. Сондықтан, ешқандай демократиялық одақ Ресеймен құруға мүмкіндік жоқ.

Еліміздің банктерінде сақтаулы жеке депозиттердің 90 пайызы халықтың бір-ақ пайызына, яғни, санаулы топ өкілдеріне ғана тиесілі екен. Бұл тұрғындарымыздың сақтауға қоятын артық ақшалары жоқ екендігін көрсетіп отыр -дейді Мұхтар Тайжан. Экономисттің пікірінше, қараша халық айлықтан айлыққа дейін өмір сүреді, табыс тапса, қарыздарын таратып әлекке түседі. Сондықтан, ақша жию мұқым елдің арманында жоқ -деп отыр.

Бір қызығы еліміздегі теңгенің курсы бос емес,- дейді Тайжан. Оның айтуынша, былтырғы жылы мұнайдың құны шарықтаған тұста, төл теңгеміз қымбаттауы тиіс еді. Алайда, Ұлттық банк алғашқы жарты жылдың өзінде 7 миллиард долларға интервенция жасап, теңгенің нығаймауы үшін бар мүмкіндігін жұмсады. Яғни, орталық банк экспортерлардың мүддесіне қызмет етіп отыр, -дейді ол. Әйтсе де, экономистер Ресей билігі қандай бағыт ұстанса да, теңгенің жақын уақытта ауыспайтынына сенімді.   

Источник: 31 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 7

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .