Финансы
222171 Алматыдағы тек екі жанар-жағармай нүктесінен 5 мың литрден аса сапасыз... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Жанармайдың сапасы бағасына сай емес (видео)

Алматыдағы тек екі жанар-жағармай нүктесінен 5 мың литрден аса сапасыз бензин анықталған. Айта кетерлігі, заң қырына іліккендер айыппұл төлеп құтылады. 

Қазір қалада сапалы бензин емге табылмайды. Мамандар сатылып жатқан 92-маркалы бензиннің октан саны 80-ге де жетпейді, - деп дабыл қағуда. Тіпті АИ-80 жағармайын 96 деп сатуға көшкен айласын асырған алаяқтар. 

Жақында ғана ашылған "Енерджи" бекеті де халықты алдап келген. Бұл нүктеден октан саны талапқа сай келмейтін және мерзімі өтіп кеткен 2 мың литр бензин тәркіленген.

Яссауи мен Райымбек көшесінің қиылысындағы Ақжол бекетіндегі 80 маркалы бензиннің октаны 71-ді құраған. Бекет сапасыз бензиннің 3 мың литрін саудалап үлгерген. Ал, қожайыны бұл ісі ұшін 67 мың теңге айыппұлмен құтылыпты.

Сапасыз бензин сатқан бекеттер түкке тұрмайтын айыппұлмен ғана құтылады. Көлемі кәсіпкерлердің бір күндік пайдасына да жетпейді. Мамандар заң күшеймей, бензиннің сапасы да артпайды деп отыр.

Заңнан күдер үзген тексерушілер енді халықты көмекке шақырып отыр. Жүргізушілер "қазақбайшылыққа" салынбай шағымданса тексерісті үдетуге болар еді дейді. Ол үшін бекет берген чек пен бақтағы күдікті бензиннің жарты литрі жетіп жатыр. Бұл аяқасты кәсіпкерлердің құқын қорғап шығатын прокурорлардың тұсау қоймауы үшін қажет.

if ( typeof video_ad_preroll != 'undefined' ) { video_ad_preroll_url = escape(escape(video_ad_preroll_url)); video_player = video_player.replace('prerolltpl', 'preroll=' + video_ad_preroll + '%26redirect=' + video_ad_preroll_url);}

if ( typeof video_ad_postroll != 'undefined' ) { video_ad_postroll_url = escape(escape(video_ad_postroll_url)); video_player = video_player.replace('postrolltpl', 'postroll=' + video_ad_postroll + '%26redirect=' + video_ad_postroll_url);}

document.write(video_player);

Источник: Алматы ТВ
В статье: Новости Алматы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .