222015 Шенеунік бұған дейін 3 млрд теңге жымқырды деп айыпталған еді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Атамекен одағы басқарма төрағасының жалақысы кедейлік шегінен сәл асады

"Атамекен" одағы" ұлттық-экономикалық палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің жалақысы 18 мың теңге!

Атамекен одағы басқарма төрағасының жалақысы кедейлік шегінен сәл асады
Фото: horde.kz

Бұл туралы А.Мырзахметовтің өзі "Астана" телеарнасындағы "Сырласу" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KazBIN.

"Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері – 18 мың теңге. "Атамекенде" маған осы көлемде жалақы белгіленген. Көлігім кәсіпкер адамдардікі, үйді жалдап тұрамын", – деген А.Мырзахметов енді жер алып, үй салсам деген жоспары барын айтты.

"Сізді "Форбстың" тізімінен қашан көреміз?" деген жүргізуші сұрағына "10 жылдың ішінде", – деп жауап қатты. 18 мың теңге жалақы алатын басқарма төрағасы 10 жылдың ішінде Қазақстан байларының қатарына қалай енбек? Бір қарағанда - парадокс. Алайда, Абылай Мырзахметов "Дала групп" компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі. Осы компаниядан тиісті сыйақысын алып тұратынын айтады.

Десе де, ол өзіне ең төменгі мөлшерде жалақы төлейтін Атамекеннің жұмысы көбірек ұнайтынын мәлімдеді...

Еске сала кетсек, 2001 жылы Мырзахметов Президент Жарлығымен Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалып, бір жылдан кейін (14 наурыз, 2002 жыл) "Қазақстан темір жолы" директоры қызметін атқарған кезіндегі қаржылық бұзушылықтар үшін уақытша лауазымынан шектетілді.

Ал 2002 жылдың сәуірінен бастап Президент Жарлығымен қызметінен түсірілді. Елдің Бас прокуратурасы Абылай Мырзахметовке 3,3 млрд теңгеден астам қаржы жымқырды және қылмыстық топқа жетекшілік етті деген айып таққан болатын.

Сот Мырзахметов мырзаны 5 жылдық шартты мерзім берілген болатын. Дегенмен "Атамекеннің" бүгінгі төрағасы халық алдында таза екенін айтып ақталды.

Источник: NUR.KZ
В статье: Новости Астаны

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 16

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .