Финансы
221660 Оның айтуынша, "алыпсатарларды" қолдаудың қажеті жоқ ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Марченко проблемалы ипотека туралы ұдайы айтылғанын ұнатпайды

Біздің елімізде проблемалы ипотекашылардың санынан мүгедектер мен зейнеткерлердің саны әлдеқайда басым. Сондықтан да, ипотека мәселесін ұдайы айта бергенше, басқа да салаларға назар аударған орынды.Марченко проблемалы ипотека туралы ұдайы айтылғанын ұнатпайды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында ҰБ төрағасы Григорий Марченко осылай мәлім етті.

"Ипотекалық проблемаларға келетін болсақ, олармен жалпы республика бойынша да жекелеген өңірлерде де жұмыс жасалды. Бұндай ипотекашылардың саны шындығында бірнеше ондаған мың адамды құрайды. Мен бұл туралы ұдайы айтып жүрмін тағы да қайталаймын: біздің елімізде зейнеткерлердің, мүгедектердің саны олардан әжептәуір көп. Біздің ойымызша, экономиканың басқа да салаларында проблемалар жеткілікті. Сондықтан да, ипотекалық проблемаларды ұдайы көтере берген дұрыс емес", - деді ҰБ төрағасы.

Оның айтуынша, ипотекалық несиенің үштен екісі стандартты несиелер болып табылады. Яғни, бұл - ипотеканы алып, олар өздері міндеттерін орындау арқылы тиісті қызметін жүзеге асырып келеді.

"Жалпы ипотекашылар құрылымы да әртүрлі. Мәселен, несиеге үй ғана сатып алғандар, басқа ештеңе сатып алмағандармен қоса, бір басына 10-15, тіпті 23 пәтер алғандары да баршылық. Біз мемлекет ретінде бұл адамдарды да қорғауымыз керек пе? Бұлар негізінен еліміздегі жылжымалы нарықта 4 жыл қатарынан бағаның 40-45 пайызға өсуін пайдаланып, одан табыс тапқысы келген алыпсатарлар ғана. Бұлар осы нарықтан пайда көргісі келді, ал ондай табыс табу шаралары оларда жүзеге аспаған болса, онда бұл солардың кәсіби қызметіне байланысты ғана проблема. Сондықтан да, мен ипотека салдарынан объективті қиыншылықтарға тап болғандарды ғана қорғау керектігін тағы да қайталағым келеді",- дейді ҰБ төрағасы.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 4

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .