Финансы
220940 Ел азаматтары көбіне шағын литражды автокөліктерді таңдайды ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанда автокөлік сатылымы бойынша рекорд қойылды

Қазақстанда шағын литражды автокөліктердің сатылымы айтарлықтай өсті. Қазақстандық автобизнес Ассоциациясының сарапшылары осындай тұжырымға келді.

Қазақстанда автокөлік сатылымы бойынша рекорд қойылды
фото с сайта southportandormskirk.nhs.uk

Елімізде ресми дилерлер мамыр айында 8 мың 268 автокөлік сатыпты. Бұл 2011 жылдың мамырымен салыстырғанда 124%-ға көп. Ол кезде отандастырымыз 3,5 мың жаңа автоны тізгіндеген болатын

Сонымен қатар Suzuki, Subaru, ZAZ, Hyundai және Mercedes-Benz автокөліктерінің сатылымы 4 есеге көбейген. Lexus, BMW және Mercedes-Benz-тің премиум үлгісіндегі автокөліктерінің сатылымы да былтырғы мамыр айындағы көрсеткіштен екі есе көп.

Айта кетсек, биылғы жылдың наурыз айынан бастап Қостанайда шығарылатын отандық ZAZ Chance седаны да нарықты жаулап алуда. Шетел автокөліктерінің ішінде сатылым бойынша Hyundai Accent көш бастап тұр.

Оңтүстіккореялық концерн өнімдерінің сатылымы 4,4 есеге көбейген. Ал ресейлік Lada сатылым бойынша екінші орында. Қазақстандық автонарықтың 37,37%-н АвтоВАЗ өнімдері құрайды. Hyundai нарықтың 10,78%-н иемденді. Алғашқы бестікке сондай-ақ Toyota, UZ-Daewoo және Kia брендтері кірді. 

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 10

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .