220924 Экономистер Ұлттық банк төрағасы Марченконың теңге тұрақтылығы туралы ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Теңге тырп етпейді деген шындыққа жанаспайды (видео)

Экономистер Ұлттық банк төрағасы Марченконың теңге тұрақтылығы туралы мәлімдемесін сынап отыр. Олар: Ресейдің рублінде шатағымыз жоқ дегені дұрыс, ал әлемдік нарықта мұнай бағасы құлдырағанын банкир қайда қояды?- дейді.

Ұлттық банктің ресми мәліметі бойынша бүгінгі АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы - 148 теңге 83 тиын. Ал, айырбастау бөлімшелеріне үңілсең 149 теңгеден асып жығылады. Яғни соңғы аптада АҚШ ақшасы 1 теңге шамасында қымбаттаған. Марченко мәлімдеме жасап теңгеге шаң жуытпаса да оның сөзін жоққа шығарушылар бар. Ең бастысы қазір одақтасымызға айналған, болашақта экономикамыз да тұтасады деп отырған Ресейдегі экономикалық ахуал Қазақстанға еш әсер етпейді деу шала пікір,- дейді мамандар.

ЖАНҰЗАҚ ӘКІМ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АДАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ЭКОНОМИСТ:

- Қазір Ресеймен екі арадағы тауар айналымы 25 млрд. долларға жетті. Бұл сыртқы сауданың 25 пайызын құрайды. Теңгенің өзгеруі де осы 20-25 пайыздан аспайды. Оның бәрі Ресейге байланысты. Бірақ күзге дейін үлкен өзгеріс болмайды. Қазір орыстардың ұлттық валютасы 15 пайызға құлдыраған. Теңге 0,1 пайыз әзірге.

Мамандар теңге қатты құлай қоймайды деп болжап отыр. Ұлттық валютамыз доллар алдында сүмірейіп бара жатса құтқаратын алтын-валюта қоры мен экспорттық әлеуетіміз бар. Марченко теңге туралы толғанғанда алтын-валюталық қордағы 85 млрд. АҚШ долларынан асатын байлыққа иек артса керек.

ЖАНҰЗАҚ ӘКІМ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АДАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ЭКОНОМИСТ:

-1 теңге ол ештеңе етпейді. Ұлттық банктің қолма қол ақшамен реттеуге шамасы келеді, бақылауда ұстауға болады. Теңгеге, басқа да валюталарға соққы болып тиюі мүмкін тағы бір мәселе әлем нарығында мұнайдың арзандауы.

Қазір қара алтынның аса сапалы Brent маркасының өзі 20 пайызға құнсызданып, бір баррелі 96,4 доллар болыпты.

АНДРЕЙ ЦАЛЮК, ҚҚБ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

- Қазір мұнайдің бір баррелі 89 долларға саудалануда. Егер баға 60 төмендесе, онда жағдай нашарлайды. Ал, ұзақ уақыт бойын баға 40 долларда тұрса теңге құлдырайды. Бірақ бізге қазір ондай қауіп төніп тұрған жоқ.

Түйені жел шайқаса ешкіні көктен ізде. Қазірде кіл өндіруші-экспорттаушы мемлекеттерден құралған Еуроодақтың қандай хәлге ұшырағаны баршаға аян. Олардың қара алтынға деген сұранысы төмендесе тек шикізатқа сеніп отырған елдер біраз қаржы қиындықтарына ұшырауы әбден мүмкін.

Десе де мамандар күзге дейін көзге көрініп тұрған үлкен қауіп жоқ дейді. Және қазіргідей валюта нарығы толқып тұрған уақытта азын-аулақ ақшаңызды теңге, доллар, евро түрінде әртүрлі валютада сақтауға кеңес береді.

Источник: Алматы ТВ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .