220767 Парламентте "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақша... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Тұрғын үй заемдары Қазақстанның барлық азаматтарына берілетін болады

Парламентте "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мақұлданды.

Тұрғын үй заемдары Қазақстанның барлық азаматтарына берілетін болады
Фото: ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

"Құжат бүгінгі күні іске асырылып жатқан тұрғын үй құрылысы бағдарламасына және жаңадан әзірленген "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасына халықтың қалың жігін қатыстыру үшін жағдай қалыптастыру болып табылады. Бұдан бөлек, ел азаматтарының тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру мақсатында тұрғын үй-жинақ жүйесін одан әрі дамыту шаралары қамтылып отыр. Бұл ретте қолданыстағы заңнамада бюджеттік қаражат есебінен алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беру азаматтардың белгілі бір санатына (жас отбасыларға, мемлектетік қызметкерлерге, бюджеттік ұйым мен кәсіпорын қызметкерлеріне) ғана қарастырылған болатын. Сондықтан да, заң жобасына сәйкес бұндай қарыздар халықтың кең тобына беріледі және қолданыстағы шектеулер алынып тасталады. Бұл ретте өзгеріс Қазақстанның барлық азаматтарын қамтитын болады", - дейді құжат бойынша баяндаған Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин.

Сонымен қатар, мерзімі өткеннен кейін салымшының мемлекеттің сыйақысын алуға құқы болатын, 5 жыл мерзімді 3 жылға дейін өзгерту көзделеді.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 4

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .