Финансы
220304 Жалақының аздығына қарамастан, олар әл-ауқатты өмір сүреді екен ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Статистердің мәліметі петропавлдықтарды таңғалдырды

Солтүстік қазақстандық статист мамандар соңғы он жылда өңір тұрғындарының дастарханы әлдеқайда байыды, ал азық-түлік бағасы да қолжетімді болды деген мәлімдеме жасады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Статистердің мәліметі петропавлдықтарды таңғалдырды
фото с сайта ipicture.ru

Бірақ қызылжарлықтар мұның шындыққа жанаспайтынын айтып, бұл мәлімдемені статистердің мазағы деп отыр.

Қайыргелді Мұхаметжанова мерекеде қонақ келмесе қазан көтеріп, ет асып жемейді! Келісі мың жарым теңгеге жететін ет қазір оның бала-шағасының тісі түгілі, түсіне де кірмейтін болған.

Қайыргелді Мұхаметжанова, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Соғым мүлдем алмаймыз біз. Ұмыттық соғымды, бір сирақ ет шамамен 200 мың теңге тұрады. Ондайды қалай аламыз, шамамен екі жыл істеу керек. Бір сирақ етті жеуге. Алмаймыз ет мүлдем.

Ал статист мамандардың есебі керісінше. Он жылда жағдай айтарлықтай түзелген. Бұрын жұрт орташа жалақыға 46 келі ет алса, қазір олардың айлығына 49 келі ет келеді екен.

Наталья Родионова, СҚО статистика департаментінің бас маманы:

- Халықтың тұрмысы жақсарды. 2002 жылы орташа жалақы мөлшері 13 170 теңге болса, он жылда айлық 5 есе өсіп, 64 мың теңгені құрап отыр. Жан басына шаққанда бір жылда ет тұтыну мөлшері 18 келіге, сүт өнімдері 32 келіге, ал көкөністер 25 келіге артқан.

Сарапшылар одан әрі зерттей келе, бұдан да қызықты деректер тауыпты. Олардың есебіне сенсек тұрғындар, қазір шетелге демалуға жиі шығып, киім-кешек пен жиһазды жаңартудан ақшаларын аямайды екен. Бірақ мұнымен келіспейтін Сәруаровтар отбасы ауылдағы ата-анамыз болмаса, жалғыз айлыққа өмір сүре алмас едік дейді.

Мариям Сәруарова, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Ата-анамыз ауылда тұрады. Бізге азық- түлікпен көмектесіп тұрады. Шаруа ұстайды. Мал шаруашылығы бар.

Теріскейдегілерді осылайша аяқ астынан жұмаққа кіргізіп қойған статистердің өзге мәліметіне сүйенсек, қызылжарлықтар еліміз бойынша ең төменгі жалақы алады. Сөйте тұра, Петропавл азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттардың бағасы бойынша да ең қымбат шаһар екен. Ал енді статистердің қандай дерекке сүйеніп есеп шығарғандары бір өздеріне ғана аян.

Источник: КТК

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 4

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .