Финансы
220227 Батыс банктерінде несие алу оңай деген бос сөз. Бұл туралы Ұлттық банк... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қандай да бір елде несие 2 пайызбен беріледі деген шындыққа сай келмейді

Батыс банктерінде несие алу оңай деген бос сөз. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін ақпарат агенттіктерінің журналистеріне берген сұхбатында айтты.

Қандай да бір елде несие 2 пайызбен беріледі деген шындыққа сай келмейді
Фото: Қазақпарат

"Бізде батыс банктерінде несие алу оңай деген аңыз көп. Қазақстан аумағындағы шетелдік банктердің клиенттері оны растап отырған жоқ. Онда банктің талап ететін құжаттарының саны бізден әлдеқайда көп. Қандай да бір елде несие 2 пайызбен беріледі деген де шындыққа еш сай келмейді", - дейді Г.Марченко.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейде жүргізілген сауалнама қорытындысына қарағанда халықтың 20 пайызы несие алған кезде оны қайтаруға құлықты емес. Сондықтан банктер сақтық шараларын жасауға мәжбүр болуда.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .