Финансы
219533 Шымкентте қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы алдымен 45 теңгеге, содан ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 15 теңгеге қымбаттайды

Шымкентте қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы алдымен 45 теңгеге, содан кейін 50 теңгеге қымбаттайды. Бүгін бұл туралы ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді.

Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 15 теңгеге қымбаттайды
Фото: berdsk-city.ru

Қазіргі таңда Шымкенттегі автобуста жол жүру ақысы – 35 теңге, ал шағын қоғамдық көлікте жол жүру ақысы – 40 теңгені құрайды. Сондай-ақ Аймақтық автожолдар мен жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Әбілсейіт Рабаев бағаны көтеру ОҚО-ның бүкіл көліктік желісінің түйткілдерін шешпейтіндігін айтып отыр.

Ал облыс әкімі дегенмен бұл көлік компанияларының басшыларына белгілі бір қосымша міндеттемелерді үстейтіндігіне сенімді. Шымкенттегі жолаушылар тасымалы енді қатаң бақыланатын болды. 1tv.kz сайтының тілшісі хабарлағандай, жаңа бағалардың қашаннан бастап күшіне енетіні әзірге белгісіз. Бұл мәселені мәслихат депутаттары жақын аралықтағы отырыста шешпек. Алайда жол жүру ақысы үш ай бойы – 45 теңге, ал одан кейін 50 теңгеге көтерілетіні белгілі болып отыр.

Еске сала кетейік, Шымкентте жол жүру ақысын көтеру туралы мәселе ұзақ уақыт бойы талқыланды. Көліктік компаниялардың басшылары бағаны көтеруді өтініп, бірнеше мәрте хат жазған болатын. Ал соңғы уақытта қалада шағын қоғамдық көліктердің санын қысқартты. Соның нәтижесінде қаланың шалғай ықшамаудандары автобуссыз қалған болатын. Сол кезде Шымкенттегі ірі көлік компаниясының басшысы Геннадий Галиев бір ғана өзінің компаниясында ондаған адам жұмысқа шықпай қалғанын, ал фирманың өзі тақырға отыруға шақ қалғанын айтты.

В статье: Юко, Шымкент

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 4

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .