219156 Қытайлық "Арман құрылыс" ЖШС-нің жұмыскерлері ұжымдық келісімшарт тала... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстандық жұмыскерлердің құқығын таптаған қытайлық кәсіпкерлер ақталып шықты

Қытайлық "Арман құрылыс" ЖШС-нің жұмыскерлері ұжымдық келісімшарт талаптарын орындау туралы шағымданған, алайда олар сот арқылы жалақы мен әлеуметтік төлемдер көлемін ұлғайтуға қол жеткізе алмады.

Қазақстандық жұмыскерлердің құқығын таптаған қытайлық кәсіпкерлер ақталып шықты
фото: telegraph.co.uk

1tv.kz тілшісіне хабарланғандай, құрылыс компаниясының жұмыскерлері басшылықтың өз құқықтарын бұзуының салдарынан сотқа жүгінген. Олардың сөзіне қарағанда, қытайлық жұмыскерлермен салыстырғанда, жұмыс, тамақтану жағдайында өздерін төмендету фактісі байқалады.

Жергілікті тұрғындардан барлық жұмысты шетелдік жұмыскерлер қызметтік визасынсыз тартып алуда. Нәтижесінде, нысандарда тіркелген қазақстандық вахташыларға жалақының тек 50 пайызын ғана төлейді, ал бұл 20 мыңнан сәл ғана асады.

Айта кетейік, қызметтік визамен Қытайдан 360 адам (жұмыскерлер санынан бір есеге көп) келген еді. Қызметтік виза кеңес беру қызметін көрсету аясын қамтиды. Алайда "Арман құрылыс" ЖШС заң бөлімінің бастығы Раушан Шоқотаеваның сөзіне қарағанда, барлық шетелдіктер нысандар мен кеңселерде де жұмыс жасайды.

Қазақстандық жұмысшылар өткен күзде жалақы мен жұмыс талаптары бойынша өз мүдделерін ескеретін ұжымдық келісімшарт жасасып, ЖШС бас директорының міндетін атқарушымен келіскен. Дегенмен компания басшылығы оны орындаған жоқ. Содан кейін жұмыскерлер сотқа шағымданыпты.

Сотта ұжымдық келісімшарт жарамсыз деп танылғаны үшін қанағаттандырылмаған. Өйткені, біріншіден, оны тек өзгелердің атынан сөйлеуге құқығы жоқ 18 жұмыскер құрастырып, бекіткен. Екіншіден, бас директордың міндетін атқарушының мұндай келісімшарттарға қол қоюына құқы жоқ. Жұмыскерлер ұжымының өкілдері аталмыш қорытындымен келіспей, ендігі қадамдарын ойластыруда.

Осы уақытта өнеркәсіпте жұмыскерлермен жаңа келісімшартқа қол қою басталды, алайда оның мәтінінде жалақы мен әлеуметтік төлемдерді көбейту туралы тағы да жазылмаған. Жұмыскерлердің оған қол қоймауына мүмкіндік жоқ, себебі аймақта басқа жұмыс орнын табу қиын.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 11

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .