218720 2020 жылға қарай "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының аясында Қаз... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

2020 жылға қарай Қазақстанда жылына 10 млн. шаршы метрге дейін тұрғын үй салынады

2020 жылға қарай "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының аясында Қазақстанда тұрғын құрылыстың жалпы көлемін 10 млн. шаршы метрге дейін арттыру жоспарлануда.

2020 жылға қарай Қазақстанда жылына 10 млн. шаршы метрге дейін тұрғын үй салынады
Фото: dailynews.kz

Бұл туралы бүгін Астанада "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының жобаларын талқылау бойынша өткен "дөңгелек үстел" барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов мәлім етті.

"Бұл бағдарлама, оның жүйелі түрде орындалуында 2015 жылға қарай құрылыстың көлемін жалпы алғанда 7,2 млн. шаршы метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді деп санаймыз. 2020 жылға қарай тұрғын үйдің көлемі жылына 10 млн. шаршы метрге дейін артады", - деді ол.

Дегенмен, Серік Ахметов атап өткендей, технологиялық серпіліссіз Қазақстанның бұл мақсаттарға жетуі қиын болады. "Өйткені тұрғын үй құрылысының тәжірибесі көрсеткендей, біз қазіргі заманғы жаңа технологиясыз тез арада және сапалы үйлерді сала алмаймыз".

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .