210934 Өндірудің азаюы мұнай экспорты көлемінің төмендеуіне әсер етті ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Жаңаөзендегі оқиғаның салдарынан "ҚазМұнайГаздың" 2011 жылғы көрсеткіштері төмендеді

2011 жылы Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ-ның өндірістік көрсеткіштері төмендеді. 

Жаңаөзендегі оқиғаның салдарынан "ҚазМұнайГаздың" 2011 жылғы көрсеткіштері төмендеді
Фото с сайта tamognia.ru

Бұл туралы бүгін аяқталған жылдың топтастырылған қаржылық есебін жариялаған компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, 2011 жылы ҚМГ БӨ "Қазгермұнай" БК" ЖШС (ҚГМ), CCEL және "ПетроҚазақстан Инк." (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12 341 мың. тонна (тәулігіне 250 мың. баррель) мұнай өндірді, бұл 2010 жылғыдан 944 мың. тоннға немесе 7%-ға аз.

"Өзенмұнайгаз" өндірістік филиалы (ӨМГ) 5 082 мың. тонна (тәулігіне 102 мың. баррель) өндірді, бұл өткен жылғыдан 884 мың. тоннаға аз.

"Ембімұнайгаз" (ЕМГ) 2 818 мың. тонна (тәулігіне 57 мың. баррель) өндірді, бұл өткен жылғыдан18 мың.тоннаға көп, осының арқасында, ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 2011 жылы 7 900 мың. тоннаны (тәулігіне 159 мың. баррель) құрады, бұл 2010 жылғыдан 866 мың. тоннаға немесе 10%-ға аз.

2011 жылы өндіру нәтижелеріне 2011 жылдың мамыр-тамыз айларына созылған ӨМГ-дағы заңсыз наразылық акциялары, сондай-ақ жыл ішінде электр қуатымен қамтамасыз етуде шектеудің орын алуы айтарлықтай деңгейде әсер етті. Өндірудің азаюы мұнай экспорты көлемінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті, бұл өз кезегінде алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2011 жылдың қаржылық нәтижелерінің нашарлауының басты факторына айналды.

 

 

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .