Финансы
210585 Қызылорда облысындағы күрішшілер жаппай наразылық акциясын өткізіп жат... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қызылорда облысындағы күрішшілер жаппай наразылық акциясына шықты

Қызылорда облысындағы күрішшілер жаппай наразылық акциясын өткізіп жатыр. Қызылорда облысындағы күрішшілер жаппай наразылық акциясына шықты

Олар өздері жұмыс істейтін шаруа қожалықтың басшысы мардымсыз айлық береді дейді.

Түгіскендіктердің тағы бір талабы жергілікті шаруа қожалығына өтіп кеткен жер телімдерін қайтарып алу.

Ал серіктестік басшысы болса, диқандардың бұл талабы қисынсыз дегеннен танбайды.

Кеңес үкіметі құлаған тұста тым-тырақай тарап кетпеген бірден-бір ауыл осы "Түгіскен".

Он жеті жылдан бері олардың айналысып келе жатқан ортақ ісі - күріш тұқымын сақтап, тарату.

Бір сөзбен айтқанда, аймақтағы шаруашылықтарды, ақ маржан тұқымымен қамтамасыз етіп келеді. Бірақ, соңғы уақытта "Түгіскен" шаруашылығының тірлігі шатқаяқтап, айлықтары шайлықтарына жетпей, бүткіл бір ауылдың берекесі қашып отыр.

ӘДІЛХАН ӘДЕПОВ - КҮРІШШІ:

"18 мың теңге аванс жазады. Авансты мен шөп аламын, ыстық ауқатым бар. Күріш аламын, тас араласқан, құм араласқан. Келісін 80 теңгеден береді біздерге. Біз еңбекақымыздың есебіне күріш аламыз. Амалымыз жоқ, ақша болмағаннан кейін. Сөйтіп, Түркістанға апарып 35 теңгеден өткіземіз. Бізге 80 теңгеден береді келісін. Сонда есептей беріңіз біздің күнкөрісіміздің қандай екенін".

Күн көруі қиындаған халықтың бұл алғашқы наразылығы емес. Осыған дейін-де бірнеше мәрте бас көтеріп, биліктегілердің блогына да барды жайып салған. Бірақ, жауап қатқан ешкім жоқ. Олардың айтуынша, түгіскендіктердің мұндай жағдайға тап болуына шаруа қожалықтың басшысы кінәлі.

БАЯН АХМЕТОВА - БАТЫР АНА:

"Арамтамақ асап жүр. Бұл жалғанда жасап жүр. Ақшадан басқаны көзі көрмейді. Ешқандай, тек халық жиырма шақты адам тоқ, болды. Оны кімге айтады?".

Ал, шаруашылық басшысы болса, жұмысшылардың айтып жүргені жала дейді.

НАЯТУЛЛА ҚАРАҚОЖАЕВ - "ТҮГІСКЕН" ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

"18 мың теңгеден алып отырған, механизаторлар емес, жұмысшылар емес, тек күрішшілер. Күрішшімен шаруашылық бойынша келісім-шарт жасалған. Шаруашылық жыл бойына аванс ретінде 18 мыңнан төлеп отырады, сосын жылдың соңында өзінің өндірген күршінің 8 пайызын күрішші алады".

Десе-де, шаруашылық өткен жылы "Қазагроинновация" акционерлік қоғамының қарамағына өтіп, серіктестік болып қайта тіркелген. Осылайша, шаруашылық басшысы 15 мың гектар күріштік алқапты шаруалардан емес, мемлекеттен жалға алған болып шыға келеді. Тұрғындардың титығына тиіп отырған да осы жағдай.

КЕҢЕСБАЙ ҚОНЫСОВ - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

"Қазір „Қазагроинновацияға“ қарайды. Бұның алдында мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне қараған. Оның алдында республикалық мемлекеттік кәсіпорын, оның алдында қазынашылық кәсіпорын болған. Бірақ, барлығында заңсыз бірінен-біріне ауыстырылып отырған".

Қайта-қайта осындай қадамға барып отырған күрішшілер енді шаруашылық басшының ауысқанын қалап отыр. Болмаса наразылықты тоқтатпақ емес. Ал, мемлекет меншігіндегі жерден үлес алу оңай шаруа болмасы анық.

Источник: 7 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 3

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .