Финансы
209570 Жаңғырту тіректері.  Тимур Кулибаев. Фото Ярослав Радловский Т.Құлы... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Тимур Құлыбаев: Қазақстанның дамуы өкімет, қоғам және бизнес мүмкіндіктерін біріктіруді талап етеді

Жаңғырту тіректері. 

Тимур Құлыбаев: Қазақстанның дамуы өкімет, қоғам және бизнес мүмкіндіктерін біріктіруді талап етеді
Тимур Кулибаев. Фото Ярослав Радловский

Т.Құлыбаев: Қазақстанның дамуы өкімет, қоғам және бизнес мүмкіндіктерін біріктіруді талап етеді.

Тимур Құлыбаев, KAZENERGY мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымының қазақстандық ассоциациясының төрағасы.

Еліміз дамудың жаңа кезеңін бастан өткеруде. Қазақстанның алдағы онжылдықтағы мақсаттары мен басымдықтарын Президент Н. Назарбаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында анық көрсетті.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жан-жақты жаңғырту, шаруашылық жүйесін әртараптандыру, халықтың өмір сүру деңгейін жаңарту, жоғарылату.

Зор жобалар

Қазақстан дамуының мақсаттары мен міндеттерін айқындай отырып, Мемлекет басшысы ұлттық экономиканың басты базистерінің бірі ретінде еліміздің мұнай-газ кешеніне ерекше назар аударды.

Кешеннің тұрақты өсуі еліміздің ұзақ мерзімді дамуының жетістігін, қазақстандықтардың әл-ауқатын күшейтуге себепші. Бұл процесте Үкімет, Самұрық-Қазына қоры және сала компаниялары мен салалық ассоциациялардың үйлесімді жұмысының арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді. 

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарын технологиялық жағынан жаңғыртуды, экспорттаушы құбырларды ұлғайтуды, мұнай өндіру мен өңдеудің жаңа қуаттылығын құруды қолға алды. Бұл ретте мұнай-газ саласындағы қазақстандық құрамның өсуіне қуатты серпін берілді.

Мемлекет маңызды жобаларда өз ұстанымдарын бекітті. Олар – Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары. 

Бүгінде мемлекеттік органдар мен бизнес қоғамдастықтардың назары саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жобаларды іске асыруға ауған. Солардың қатарында Қарашығанақ ГӨЗ, Атырау газ-химия кешені, мұнайды тереңдетіп өңдейтін заманауи қуатты қондырғылар құрылысы, Астана мен еліміздің орталық аймақтарын газдандыру, басқа да ірі масштабты жоспарлар бар. 

Осы жобаларды жүзеге асыру үшін қатысушылардың барлық мүмкіндіктері мен күшін біріктіру қажеттілігі салалық бірлестіктер белсенділігі мен жауапкершілігін тұспалдайды.

Өйткені олардың жұмыстары, KAZENERGY мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымының біздің қазақстандық ассоциациясының қызметі бойынша, бизнес мүдделері қоғам үшін маңызды және мемлекеттік басымдықтармен ықпалдастықтан тұрады.

Мемлекеттік бюджеттің 40 пайызы тек қана KAZENERGY мүшелерінің салымымен толтырылатынын ескерсек,  Ассоциация мен барлық мұнай-газ кешендерінің(МГК) ел алдындағы міндеттерінің ауқымын көреміз. Осы үндеуге МГК ұйымдары мен қатысушылары өздерінің экономикалық және кәсіби әлеуетін, сондай-ақ еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда  салада жетілген, қайта жаңарған тәжірибелерін қолдана отырып жауап бере алады.

Осы уақыт аралығында энергетикалық кешен республика экономикасына  130 млрд долар инвестициядан 80%-дан астамымен қамтамасыз етті. Өнеркәсіпке жаңа технологиялар мен инновациялар тартудың көзі болды. Мұнай капиталын адам капиталын дамытуға – кадрлықтан қоғамдық аспектілерге дейін – жәрдемдесу моделін жасады.

Ең бастысы, жалпыұлттық прогрестің іскер қатысушысы ретінде мұнай бизнесін дамыту логикасын құрды. Осындай дамудың сипаты нақты мұнай жобаларының тағдыры мен эволюциясын, өндірістік және қаржылық өсудің үрдісін күшейту мен қалыптастыруын  көрсетеді.

Олар Қазақстанның табиғи әлеуетін нақты шаруашылық және саяси жетістіктерге айналдыру көзі әрі символы бола білді. Сондықтан да жобаланған реформаларға сенімді тірек. Соның ішінде, біздің шикізат ресурстарының жоғары бөлінісі үшін әлеуетті құрылыстар бойынша ауқымды жобаларды іске асыратын, өңдеуші салалар үлесін көтеруді қолдайтын, сондай-ақ еңбек және корпоративті қарым-қатынастар жүйесін өзгертетін – бұл да маңызды міндет – инфрақұрылым құру.

Ең бастысы, жалпыұлттық прогрестің іскер қатысушысы ретінде мұнай бизнесін дамыту логикасын құрды. Осындай дамудың сипаты нақты мұнай жобаларының тағдыры мен эволюциясын, өндірістік және қаржылық өсудің үрдісін күшейту мен қалыптастыруын көрсетеді

Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған, Оңтүстік Қазақстандағы Құмкөл бассейнін пайдалану, Маңғыстаудағы Өзенді жаңарту, Атырау мен Ақтөбеде өнімді жоғарылату – бұл жобалардың қазіргі тарихы халықаралық инвесторлар үшін Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктерін ашты. Содан кейін миллиардтаған капитал салымдар ағынымен, сала өнімділігінің және көмірсутегі қорының өсуімен қамтамасыз етті. Мыңдаған және он мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылды. Мысалы, мұнай өндіру 2001 жылдан бері екі есе өсті және 2011 жылы 80 млн-нан астам тоннаны құрады. Осы жылдары газ өндірісі көтерілді: шамамен сегіз есе, 5,46 млрд. текше метрден 39,5 млрд-қа дейін.

Өндірістік көрсеткіштермен қатар, Еуразияның энергетикалық тұрақтылығының гаранты ретінде Қазақстанның әлемдегі беделі өсуде. Ұлттың  әлеуметтік хал-ахуалын көтеретін, біздің шаруашылық жүйеміздің индустриялық-инновациялық дамуына апаратын мемлекеттік бюджетіміз өсуде.

Тек қана соңғы 10 жылда мұнай және газ экспорттау көлемі екі есе өсті. Қазақстан негізінен батыс елдерін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫЖДҰ) елдерінің рыногына, Еуразияның негізгі бөлігін құрайтын Шанхай ынтымақтастығы ұйымы(ШЫҰ) мемлекеттерінің отын жүйесіне де теңдестірілген ықпал етеді. Республиканың мұнай-газ саласындағы экспорттық табысты жаңғырту жобаларын қаржыландырудың негізгі көздерінің бірі болып табылатын энергетикалық тауарларды сатудан түскен табыстан құралған 40 млрд.$ Ұлттық қордан 60%-ға асып түсті.

Шикізаттан жоғары бөліністегі өнімдерге дейін

Мұнай-газ өнеркәсібі бұл жаңғыртудың қаржылық және технологиялық демеушісі. Өткен онжылдықта Теңіз жобасы аясында жаңа газ өңдеу зауыты салынған болатын. Ол Қазақстанға сұйытылған газды шығаруды 5 есеге жоғарылатуға мүмкіндік берді.

2003 жылы Теңіз кенін пайдаланушы Chevron көмірсутегін тереңнен өңдейтін Атырау полиэтилен құбырлары зауытын іске қосты. Қазір аймақта Атырау газ-химия кешені құрылуда. Кешен Теңіз газын өңдей отырып, жоғары бөліністегі өнім шығарады – жылына 1,3 млн тонна полимер.

Бұл жобаны "ҚазМұнай Газ" ұлттық компаниясы қазақстандық әріптестерімен және шетелдік алып компаниялармен – қытайлық Sino¬pec пен оңтүстіккореялық LG Chem – жүзеге асырады. Инвестицияның жалпы көлемі 6,3 млрд доллар.

Бизнестің көп қырлы және халықаралық сипаты Қазақстаның мұнай-газ саласы 90-жылдардағыдай шикізат шығаруға әлемдік инвестицияны тартқанын көрсетеді. Бүгінгі таңда сала оларды жоғары технологиялы өңдеу секторының жаңа экономикалық қуатын құруға тартады.

2009 жылдан бері отандық үш МӨЗ жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүруде. Ағымдағы онжылдықтың ортасына таман мұнай өнімдерін өндіруді 17 млн тоннаға жеткізуге мүмкіндік берді. Көмірсутегін жоғары бөліністе өңдейтін Атырау кластерінде "Атырау МӨЗ-де мұнайды тереңнен өңдеу кешенінің құрылысы" жобасы іске асуда. Оның нәтижесі 2016 жылға қарай шикі мұнайды өңдеу бойынша жылына 5,5 млн-ға дейін, өңдеу тереңдігін 87 пайызға дейін, таза мұнай өнімдерін 77 пайызға дейін өңдеу бойынша зауыттың қуаттылығын арттыру болмақ. Сонымен қатар мотор жанармайының сапасын Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына дейін жақсарту. Нәтижесінде ішкі рынок отандық жоғары сапалы жанармаймен толықтырылады, ал өнім көлемі республиканың қажеттілігінен тыс мұнай өнімдері экспортының өсуін қамтамасыз етеді.  

Ұқсас модельдер бойынша басқа мұнай-газ мегежобасы – Қарашығанақ – дамиды. Біз оны шикізат ретінде бастап, сосын ҚР Қарашығанақ көмірсутегін Ресе

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 11

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .