208248 Өмірзақ Шөкеев "Самұрық-Қазынаға" кіретін компанияларды БТА банкін қолдауға шақырды ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Ұлттық компанияларға БТА банктен депозит ашу туралы нұсқау берілді

"Самұрық-Қазына" басшысы ҰӘҚ компания топтарын БТА банкін қолдауға шақырады. 

Ұлттық компанияларға БТА банктен депозит ашу туралы нұсқау берілді
фото с сайта netslov.ucoz.kz

"Самұрық-Қазына" қоры басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев қорға кіретін компанияларды БТА банкін қолдауға шақырды. 

"Самұрық-Қазына" қоры "БТА" банктің қарызын қайта құрылымдауды қолдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондықтан қор жанынан құрылған несие берушілер комитетінің жұмысы барысында біз оңтайлы шешімге қол жеткіземіз деп сенемін.

Бүгін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-сының төрағасы Өмірзақ Шөкеев осылай айтты.

"Біздіңше, "БТА" банкте қалыптасқан жағдай тұрақтанады.

Осыған байланысты мен "Самұрық-Қазына" тобына кіретін барлық ұлттық компаниялардың басшыларын осы мәселеге назар аударуға шақырамын.

Біз бәріміз бірлесіп, аталған банкке қолдау көрсетуіміз қажет. Бұл жұмыс ол жерде сан алуан депозит және есепшоттарды ашуға байланысты. Сондықтан банк қызметіне қатысты қандай да бір қарама-қайшы әрекеттер болмауы тиіс. Бұл - нақты әрі ашық ұстаным", - деп атап көрсетті Ө.Шөкеев.

Қор төрағасы атап көрсеткендей, қазіргі кезде осы мәселеге қатысты несие берушілер комитеті құрылып жатыр. "Біз бұл комитеттің жұмысы барысында несие берушілермен кездесіп, "БТА" банкті екінші рет қайта құрылымдау бойынша тиісті шешім қабылдауымыз қажет. Міне, осы шешімнен кейін кім және қанша қаржы құятынын анықтайтын боламыз. Қор өз үлесін қосуға даяр. Бірақ несие берушілер де өз капиталдарын салуы тиіс", -  дейді Ө.Шөкеев.

 

  

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 12

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .