Финансы
207783 Бұл көрсеткіш 2010 жылғыдан 1,6 есеге артық ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Кеден органдары мемлекет бюджетіне 1 триллионнан астам теңге түсірді

Өткен жылы қаржы министрлігіне қарасты Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері мемлекет бюджетіне 1 триллион 142 миллиард теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салықтар түсірді. 

Кеден органдары мемлекет бюджетіне 1 триллионнан астам теңге түсірді
фото с сайта kostanay.gov.kz

Бұл мәліметтерді бүгін 2011 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысына байланысты өткен алқа мәжілісте ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Серік Баймағамбетов мәлім етті.

Оның деректеріне қарағанда, өткен жылы кедендік бақылау органдарына тапсырылған жоспар 103 пайызға орындалды.

Ал салық төлемдері бір кеден қызметкеріне шаққанда 49 миллион теңгені құрады. "Бұл ретте кеден қызметкерлері ретінде кадрлық қызмет пен өзге де қосымша қызметтегілердің қоса алынғандығын атап өту керек. Яғни бұл көрсеткіш 2010 жылғыдан 1,6 есеге артық.

Сондай-ақ посткедендік бақылау шараларының нәтижесі бойынша өткен жылы қосымша 37 миллиард теңге бөлініп, оның 28 миллиард теңгесі немесе 7,6 пайызы мемлекет бюджетіне құйылды",-деді Комитет төрағасы.

 
 

 

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .