Финансы
207408 Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін болса елімізде дәрі-дәрме... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кірсе дәрі-дәрмектің бағасы күрт қымбаттауы мүмкін

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін болса елімізде дәрі-дәрмектің бағасы күрт қымбаттауы мүмкін. 

Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кірсе дәрі-дәрмектің бағасы күрт қымбаттауы мүмкін
фото с сайта liveinternet.ru

Бұл туралы Алматыда бас қосқан дәрігерлер мәлімдеді.

Айтуларынша, фармацевтика саласы толығымен дамып үлгермеген еліміз үшін бәсекелестікке төтеп бере алмай, толығымен импортқа тәуелді болып қалу қаупі бар.

Отандық фармацефтикалық компаниялардың өндірген өнімі қажетті дәрі-дәрмектің тек үштен бір бөлігін ғана қамтамасыз ете алады.

Қалған тауардың барлығы шетелден тасымалданады.

Ал еліміз дүние жүзілік сауда ұйымына кірген жағдайда, сырттан әкелінетін дәрі-дәрмек үшін бірнеше есе артық ақша төлеуге міндетті боламыз -дейді ақ халаттылар.

Мұндай келеңсіздіктердің алдын-алу үшін отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңа препараттарға патент алу қажет. Сонда ғана импортқа тәуелділіктен арыламыз. Алайда елімізде дәрі өндіретін небәрі 10-ға жуық зауыт жұмыс істейді екен. Олардың өзі GMP халықаралық стандарттарына әлі енбеген.

БАҚЫТ ТҮМЕНОВА, "АМАН-САУЛЫҚ" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Бізде жедел телефон желісі жұмыс істейді. 4 жылдың ішінде біздің аман-саулық қорымыға 14308 адам келіп көмек сұрады. Соның 60 пайызы дәрі-дәрмекке байланысты. Дәрі-дәрмек біріншіден сапалы, екіншіден қол жетімді болу керек. Осы 2 үлкен мәселе біздің мемлекетімізде бар.

 

Источник: 31 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .