Финансы
207169 Тұрғын үй саласынан нанын тауып жүргендер мен банкирлер үй бағасы 5-7 ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Елімізде тұрғын үй бағасы құлдырауы мүмкін (видео)

Тұрғын үй саласынан нанын тауып жүргендер мен банкирлер үй бағасы 5-7 пайызға қымбаттайды деп ақпар таратуда. Бірақ сарапшылар пікірі мүлде бөлек.

Олар биыл тұрғын үй бағасы құлдырамаса көтерілмейді деп отыр. 

Соңғы кездері жылжымайтын мүлік нарығындағы баға тұрақтанған сияқты. Қазір Алматыда тұрғын үйдің шаршы метрі шамамен 1400 доллар шамасында. Бұның өзі сатушыға тиімді, ал алушыға ауыр тиіп тұр. Десек те банк саласы мамандары алдағы уақытта үй құны өсе түседі дейді. 

МӘУЛЕН ӨТЕҒҰЛОВ, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Биылдан бастап баспана бағасы еліміздің барлық облыстарында қымбаттайды. Олар экономиканың өсуі мен мұнай бағасының жоғарылауы, халықтың тұрмысының жақсаруы, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының азаюы бағаның қымбаттауына әкеледі. Салдарынан 5-7 пайызға қымбаттайды.

Мұнай қымбаттайтыны шын болса да онымен бірге халық ахуалы көтеріле қояды дегенге сену қиын. Оның үстіне Үкімет дағдарыстың екінші толқыны келеді деп жариялады. Бірінші кезеңде тұрғын үйдің жасанды бағасы күйреп, екінші деңгейлі банктердің елді иппотека арқылы қанап жатқаны әшкере болып қалған.

Көзі ашылған жұрт үй алудан үрке жөнелгендіктен құрылыс та тұралап, 150 мың долламрға ұшып кеткен екі бөлмелі пәтерлер үш есе арзандап сала берген. Содан беріде баға біресе 5-10 пайызға өсіп біресе кері кетіп толқып тұр. Ал, биыл қымбаттайды дегенге қарсы дәйек жетерлік. 

ЕРМЕК МҮСІРЕПОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Биыл да, алдағы жылы да тұрғын үй бағасында шарықтау сезілмейді. Алаңдаудың қажеті жоқ. Яғни осының алдындағыдай шарықтап кеткен бағалар алысқа кетті. Үй керісінше арзандап жатыр. Негізінде былтырғы баға сақталады. 

Сарапшылар қымбаттайды деген сөз шықты деп қарызданып, қымбатқа ұрынып жүрмеңіздер. Бәрін алдын ала екшеп алған жөн. Дағдарыстың кезекті толқыны күшті болса үй бұдан да құлдырауы мүмкін деп кеңес береді! 

Источник: Алматы ТВ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 4

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .