Финансы
207021 Істің көзін тапқан адамға ауадан да ақша жасауға болады.  Тамара Қахар... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстандық маман шыбын өсіруді пайда көзіне айналдырды

Істің көзін тапқан адамға ауадан да ақша жасауға болады. Қазақстандық маман шыбын өсіруді пайда көзіне айналдырды

Тамара Қахарбек облыс орталы­ғын­дағы іргелі мекеменің биолабо­ра­ториясында аға лаборант болып қыз­мет ететін.

Өзінің қыз­метін бүге-шігесіне дейін білетін білікті ма­ман сонау 90-жылдары жұмыссыз­дық қыспаққа алған шақта көптің қатарын толтырып, нәпақасыз қалған еді.

Екі қолға бір күрек таба алмай жүргенінде бір күні шаруа қожа­лық­тарына егістіктер мен бау-бақшаларға зия­нын тигізетін зиянкестерді құртатын шы­бындардың аса қажет екенін біледі.

Со­дан оны өсіріп-бағуға білекті тү­рініп, белсене кірісіп кетеді. Әрі өзіне де таң­сық жұмыс емес. Білікті маман ол үшін не қажет екенін бағамдап, тез-ақ бейімделіп ке­теді.

10 жылдан астам уақыттан бері ауыл шаруашылығына аса қажетті шыбын­дарды өсіріп-бағумен айналысып келеді. Тұрғын үйінің ауласына шағын ғана үйшік тұрғызып, базардан үш литрлік шыны бан­кілер сатып алады. Сөйтіп, Ташкенттен 40 мың теңгеге үш литрлік банкі толы көбелектің балаңқұрттарын (личинка)  сатып әкеледі.

Ондағы ма­ман­дардың ақыл-кеңесін де құлағына құ­йып келеді. Осы салада мол тә­жі­рибесі бар өзбекстандық мамандар шы­бын өсірудің қыр-сырын үйретеді. Оның әр 5 грамында 1400 балаңқұрт болады екен. Қасықпен алып, алты банкіге бөліп салады.

Ұсақ балаң­құрттарды өсіріп-баптау да оңай емес. Олар қалдықтармен, ші­ріндімен  қо­ректенеді. Әр шыны ыдыстағы балаң­құрттар күніне 3 грамм шіріндімен қоректенеді. Оны қолға түсіру де: қиын­ның қиыны. Олардың "жемін" ке­йінірек Ал­матыдан алдыратын болды. Бір арты­қ­шы­лы­ғы: қорек бұ­зыл­майды әрі ұзақ уақыт сақ­талады.

15-20 күнде шыны ыдыста көбелектер пайда болады. Оларды арпа қалдықта­ры­мен, құрғақ сүтпен, сары қантпен қоректен­ді­реді. Жүгері ұнынан быламық жасап, оған қант, сүт, май қосады. Балаңқұрттар асқа кел­генде өте талғампаз.

Оларды осы­лай 20 күн бағу керек. Белгілі уақыттан ке­йін артын­да ба­лаңқұрт­та­рын қал­ды­рып, кө­бе­лектер өледі. Осы қалған балаң­құрт­тарға шы­бын­дарды жібе­реді. Онымен қа­тынасқа түскен шыбын­дар­дан сегіз күн­нің ішінде май­да шыбындар қаптап өсіп шығады. Әр үш литрлік банкіде 10 мыңнан астам ба­лаң­құрт өсіп-өнеді. Оны кейінірек жүз­деген банкіге өндіруге болады. Осылайша, аз уақыт ішінде кіп-кіш­кене құрттардан мың­даған, мил­лион­даған шыбын өсіріп, са­туға болады. Осыдан нан жеп отырғаннан кейін осы салаға қа­тыс­ты жаңалықтарға да құлақ түре жү­реді. 

Жуырда осындай шыбындардың құс фер­малары мен балық шаруашылығына да қажет екенінен хабардар болды. Сон­дай-ақ шыбындар фармацевтикалық та­уар өндірісімен айналысатындарға, тағам мен косметика өндірісіне да аса қажетті өнім екен. Осындай тауарларға конхиолин ат­ты зат қажет екен.

Ол шыбынның ба­лаң­құрт­тарында болады. Оның 1 грамы әлем­дік нарықта 27 АҚШ доллары тұрады. Бі­рақ әлемдік нарыққа жол қайда, әзірге егіс­тіктегі зиянкестерді құртумен ай­на­лы­сатын шыбын өндірісімен ғана шектеліп тұр. Осындай қат тауардың құнын білетін шаруа қожалықтарының иелері – Тама­раның үнемі сатып алармандары. Еліміздің өзге өңірлерінен де сұраныс түсіретіндер көп.

Бүгінде Тамара шыбын өндіруші кәсіп­кер ретінде танымал. Ауылшаруашылық зиян­кестерін құрту үшін бір гектарға 200 шыбын керек екен. Тамараның 1 000-нан аса қанатты тауары 3 мың теңге тұрады. Оны шыны ыдыстан келесісіне ауыстырып са­наудың өзіндік есебі бар.

Қыс айларында 15 банкіні келесі көбейтуге сақтайды. Оны көбейту кезеңі наурыз айынан қазан айына дейін жалғасады. Науқан кезінде балаң­құрт­тарды асырайтын үйшікті үнемі жылы ұстау үшін от жағады. Тауардың өсімтал болуы үшін бөлме температурасы 35 градустан төмен түспеуі тиіс.

Оларды өсіру мен баптау оңай шаруа емес. Өңірде әзірге мұндай сирек кәсіп түрімен айналысатын жалғыз өзі ғана. Сұраныс та аз емес. Ең­бегін ақтайды. 

Тамара ҚАХАРБЕК, кәсіпкер: 

– Ұсақ іс болып көрінгенімен, еңбегі тым ауыр. Егістіктердегі зиянкестер кө­бейіп кетсе, өнімнің шығымдылығы да аз болатыны белгілі. Сондықтан да сол зиянкестердің көзін жоюда шыбындар таптырмас құрал болып отыр. Эко­ло­гия­ға байланысты болар, зиянкестермен күресетін шыбындар жоғалып барады. Сол себептен де қолдан өсіріп отыр­мыз. 

Иә, зиянды жәндіктің де тигізер пай­дасы мол екен. Жаз айларында қара құрт­тай қаптап, ызыңдап мазаны алатын шы­бын-шіркей егіннің бітік шығып, мол өнім алуына септігін тигізетінін біреу біліп, біреу білмейді. Ал шыбын шаруашы­лығы­мен айналысатындар саусақпен санар­лық­тай ғана. Тіпті жоқтың қасы деуге де бола­ды. Қамбаға түсер астықтың мол болуы үшін аянбай тер төгіп жүрген Тамараның еңбегі расында мақтауға тұрарлықтай.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 4

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .