Финансы
205991 Ет - жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді.  фото с сайта aktob... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Солтүстіктегі ет қымбатшылығы оңтүстікке әсер етпейді

Ет - жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді. 

Солтүстіктегі ет қымбатшылығы оңтүстікке әсер етпейді
фото с сайта aktobegazeti.kz

Еліміздің солтүстік аймақтарында ет бағасы 500 теңгеге қымбаттағанымен Шымкенттегі базар бағаларына бұл жаңалық әсер етпейді. Қаладағы базар басшылығы осылай деп сендірді. Қазір сөрелерде сиыр еті 1200 теңгеден, қой 950, ал жылқы еті 1300 бен 1400 теңгенің аралығында саудалануда.

Ал әлеуметтік сауда орындарының сатушылары арзандатылған етті сатып алушылардың қатары жаңа жылдан бастап азайып кеткенін айтады. Мәселен, бұрындары бір іріқараның еті бір күнде сатылса, қазір ол 2-3 күнде әзер саудаланатын болыпты. Ал арзандатылған еттің бағасы 965 теңге.

Нағима Спанова, Әлеуметтік сауда қатарының сатушысы: "Жыл басынан бері іріқара етін саудалау мүлдем азайып кетті. Тұтынушылар "әлеуметтік сауда қатарына" қарағанда қарапайым ет сөрелерінен сатып алуды мақұл көреді. Осыған байланысты менде адамдардың мұндай саудаға үйрене алмауынан шығар деп ойлаймын".

Солтүстіктегі еттің күрт қымбаттауын сарапшылар қасапшылардың қолдан жасап отырған қасақана әлегіне балайды. Мал етін тапшы ету арқылы оның бағасын көтермек ниеті бар-мыс. Ал республикада жаппай ірі қара өнімі аз кезеңде Семей ет комбинаты өз өнімдерін Ресей мен Грузияға экспорттауды ұйғарыпты. Сөйтіп, ет жеуден қасқырдан қалыспайтын Қазақ "Ет жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді" деп жүр".

 

 

Источник: Otyrar-tv.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .