Финансы
205946 Аусыл ауруының шығуы ірі қара санын азайтып, бағасын қымбаттады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Биыл Қазақстанда сойыс малдың саны күрт төмендеді

Жесең тіске, жемесең түске кіретін еттің нарқы тағы да шарықтап кетті. 

Биыл Қазақстанда сойыс малдың саны күрт төмендеді
фото с сайта focus.kz

Кей жерлерде оның келісі мың жеті жүз теңгеге дейін қымбаттаған.

Ал, қысты соғымсыз өткізбейтін қазақ үшін бұл қиынның қиыны болып тұр.

Бетімен кеткен базар нарқын қадағалауы тиіс мамандар болса, шарасыз.

Алыпсатарларда бағаның бұлайша құбылуына қуанып отырған жоқ.

Сонда етті қымбаттатып отырған кім?

Ет бағасы әсіресе шығыста шарықтап кетті. 1200 теңгеден сатылып келген сиыр етінің келісі бір күннің ішінде 1700 теңгеге бір-ақ секірді.

Халықтың да қалтасына қарап көсілуіне тура кеп тұр. Қазір тұрғындар етті жіліктеп емес, грамдап алатын болған.

НАДЕЖДА ФАДИНА- ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 

"Ет алсам міндетті түрде оның қасына тауықтың етін аламын. Әйтеуір тауық еті арзандау ғой. Осылай жасамасам болмайтын түрі бар. Жағдай өте қиын".

Жағдайдың қиын екенін павлодарлық шенеуніктер-де жақсы біледі. Себебі, жаңа жыл мерекесі қарсаңында бұл аймақта еттің бағасы мың теңгеден мың жарым теңгеге дейін қымбаттаған. Сонан бері базар нарқы төмендеген жоқ. Бірақ жергілікті атқамінерлер ертегіге сенген бала секілді, түбі бір арзаншылық болады деп халықты жұбатудан әрі аса алмай отыр.

СЕРІК БАЗАРБАЕВ - ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: 

"Баға арзандауы мүмкін деп болжап отырмыз енді. Бірақ, болмашы-деңгейде ғана болуы мүмкін. Себебі, өңірде мал санының азаюы мен жем-шөптің қымбат болуы еттің осындай қымбатап кетуіне әкеп соғып отыр".

Алыпсатарлар да етті қымбатқа сатып, қарық болып жатқан жоқпыз дейді. Айтуларынша, шаруалардың қойып отырған бағасы қымбат.

Аусыл ауруының шығуы да ірі қара санының азаюына әкеп соққан. Оның үстіне, биыл сойыс малдың да саны күрт төмендеп кеткен.

БАҚЫТ ҚАБИДЕНОВА-САТУШЫ: 

"Енді еттің бағасы төмендемейді. Сол баға қалай болды солай қалады, төмендемейді. Өйткені ет аз. Ет сату тиімсіз".

Ал, елімізде жыл сайын 800 мың тонна ет өндіріледі екен. Бірақ, соған қарамастан қарапайым халыққа ет жеп, қарық болудың орнына, тауық етін талғажау етуіне тура келіп тұр.

Источник: 7 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 9

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .