Финансы
205721 Әлемдегі ең ықпалды бизнес-ханымдардың бірі, туған жерінен жырақта жүр... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Әлемнің ең ықпалды қазақ қызы қызметінен кетті

Әлемдегі ең ықпалды бизнес-ханымдардың бірі, туған жерінен жырақта жүрсе де, жат жұртты мойындатып, алпауыт компаниялардың тізгінін ұстаған қандасымыз Гүлжан Молдажанова ресейлік "ЕСН" компаниясының бас директоры қызметінен кетті. 

Әлемнің ең ықпалды қазақ қызы қызметінен кетті
фото с сайта allbeton.ruJ

Гүлжанның орнына осы лауазымға бұған дейін "Газпром"-ның құрылымында басшылық қызмет атқарған Павел Хозряков тағайындалды. "ЕСН"-ның ресми өкілінің айтуынша, компанияны екі жыл басқарған Гүлжан қызметтен өз еркімен бас тартқан көрінеді.

Іскерлігімен, еңбекқорлығымен ормандай орысты мойындатқан қандасымыз туралы аз-кем мағлұматтар келтірер болсақ, Гүлжан Молдажанова 1966 жылы Алматыда туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика факультетін, Ресей үкіметі жанындағы Қаржы академиясын бітірген.

Талдырмаш қазақ қызы алпауыт "Базэл"-дің бас директорлығына жеткізген қызмет жолын қарапайым хатшылықтан бастаған.

2005 жылдан миллиардер Олег Дерипаскаға тиесілі "Базовые элементы" компаниясының бас директоры болған Гүлжан сол жылы "Ресей Федерациясындағы №1 әйел" атанды.

Америкалық "The Wall Street Journal" басылымы жасаған дүние жүзіндегі ең ықпалды бизнес-ханымдардың тізіміне іліккен Ресейдегі жалғыз әйел.

Сол тұста Елена Батурина сынды өзі алпауыт бизнесмен, күйеуі Мәскеудің мэрі болып табылатын әйелді әлемдік бизнес-ханымдардың тізімінен қарапайым "казашка" ығыстырып шығарғанын ресейлік БАҚ-тар тұспалдап жеткізген болатын.

Ал кейінгі жылдары басшылық жасаған "ЕСН" компаниясы  Ресейдегі ең қалталы тұлғалардың бірі саналатын Григорий Березкинге тиесілі. "ЕСН" "Русэнергоресурс", "Русэнергосбыт", "Русэнергосбыт М", "Энергопромсбыт", "Русэнерготелеком" сынды ірі компаниялардың акциясына, бірнеше газет-журналдарға иелік жасайды.

Гүлжан Молдажанованың қызметтен кету туралы шешім қабылдағанын халықаралық бизнес пен экономика тақырыбын қаузайтын БАҚ-тар қызу талқылауда. Қандасымыздың қандай жаңа қызметке баратыны әзірге белгісіз. Бір анығы, өз сөзімен айтқанда, "бойында бәсекелестік рухы күшті дамыған" Гүлжан жұмыссыз қалмайтыны анық.

Источник: "Нұр Астана"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 8

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .