Финансы
205418 Мамандар бұл ынтымақтастық тек Ресейге тиімді болады дейді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Біртұтас экономикалық кеңістік еліміз үшін тиімді ме?

Біртұтас экономикалық кеңістік туралы келісім күшіне енді. 

Біртұтас экономикалық кеңістік еліміз үшін тиімді ме?
фото с сайта www.novoteka.ru

Енді Ресей, Беларусь және Қазақстанның ортақ нарыққа бағынады.

Отандық экономистер бұл ынтымақтастық тек Ресейге тиімді болады дейді. 

Күдігі мен үміті қатарласқан Экономикалық одақ өз күшіне енді.

Орыс, қазақ, белорус бірлігінің төбесінен арнайы кеңес бақылайтын болады.

Шарт бойынша оның құзіреті кез келген елбасшысының құзіретінен пәрменді.

Бірақ бұл кеңесте ресей үні басым, қазақстан үлесі 20 пайыздың арғы бергі жағы ғана. 

ТИМУР НАЗХАНОВ, ТӘУЕЛСІЗ КӘСІПКЕРЛЕР АССОСАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

- Негізінде осындай ортақ ынтымақтастықтар құру керек. Кәсіпкерлер үшін де, тұтынушылар үшін де қолайлы. Үлкен нарыққа жол ашылады, табыс көзі кеңейеді, ал тұтынушылар үшін өнім сапасы мен ұсыныс артады. 

Өте қолайлы деп ұрандағанымызбен кей сарапшылар қазақ елі таңдау құқығынан айырылды, экономикалық кеңістікте Ресей тауарлары басым болады дейді. Мәселен кәсіпкерлер қауымдастығы мақтап отырған кеңістік жеке кәсіпкер Марал Томпиевке қатты тиіпті.

Бұрындары Еуропадан сапалы зат таситын кәсіпкер қазір лажсыз Ресей мен Беларустың нарығына телміріп қалдым дейді. Бірақ олар тек алушы ретінде қарайды. 

МАРАЛ ТОМПИЕВ, ЭКОНОМИСТ, КӘСІПКЕР:

- Орыстар техникалық регламентті, техникалық стандарт жағынан қысып жатыр. Біз өз тауарларымызды толық Ресейге кіргізе алмаймыз.

Бұл үстемдік экономикалық одақтың алғашқы сатысы Кедендік Одақ күшіне енгенде-ақ байқалған. Орыстың "Ладасы" мен "Нивасын" мінгізу үшін жапон, неміс, тағы басқа шетелдік көліктердің бағасы күрт көтерілген.

Сол кезде кедендік түсімдердің 7 пайызы ғана Қазақстанға тиесілі дегенде-ақ сан сауал туған. Ал, экономикамыз толық отауласып жатқанда алып елдің пайдасы үстемеленері анық. 

МАРАЛ ТОМПИЕВ, ЭКОНОМИСТ, КӘСІПКЕР:

- Транспорт өсті, Ресей тауарлары төмендеді. Сондықтан Ресейден әкелеміз. Сапасы жоғары болмаса да. Себебі сатып алушылар төмен бағаны таңдайды. 

Шекарамыз тұтасқанда кедендік бақылау кеміді. Енді одақтас екі елдің жұмысшылары шекарадан еркін өте алады, тіпті отбасы мүшелерін ерте жүрсе де өз еріктері. Алайда Қазақстан жағы келісімнің бұл тармағын әзірге тоқтата тұрмақ. Өзге 16 келісім толық жұмыс істей бастады. Кей мамандар 2-3 жылда бұл экономикалық бірлестік керемет жеміс береді дейді. 

ТИМУР НАЗХАНОВ, ТӘУЕЛСІЗ КӘСІПКЕРЛЕР АССОСАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

- Бізге ол үшін құжаттар қабылдау керек. 2-3 жылдай уақыт керек, содан кейін ғана сезіне бастаймыз оң нәтижесін.

Жалпы Еразиялық Одақтың бастамасында 170 миллион адам бар деп есептелуде. Оның 80 пайызы Ресей халқы. Тағы бір айта кетерлігі, енді ресейлік кәсіпорындар, фирмалар саны артады елімізде. Соған орай шетелдік жұмысшылар саны күрт артады. Экономикалық ұтымды саналған жол тіл мен ділімізге қалай тиер екен.

Источник: Алматы ТВ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 20

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .