Финансы
204873 Биыл оператордың айлығы 316 719 теңгені құраған ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

"ҚазМұнайГаз" мұнайшылардың жалақыларын жариялады

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы "Өзенмұнайгаз" жұмысшыларының айлық жалақыларын жариялады, деп жазады Алтын Орда

"ҚазМұнайГаз" мұнайшылардың жалақыларын жариялады
фото с сайта aorda.kz

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының мәліметтері бойынша, соңғы бірнеше жылда Жаңаөзендегі мұнайшылардың жалақылары екі еседен көп өскен.

Мысалы 2007 жылы 4 деңгейлі ұңғыларды жерастында жөндеуші оператордың айлық  жалақысы 147 832 теңге болса, үш жылдан соң, яғни 2010 жылы ол 296 092 теңгеге дейін ұлғайған.

Ал биылғы жылғы еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесі бойынша және инфляция шығындарын ескергендегі аталған оператордың айлығы 316 719 теңгені құраған.

Әрине, мұнда әр мамандық иесінің жалақысы әрқалай екендігін атап өту керек. Мысалы үшінші разрядты мұнай мен газды өндіру операторы ай сайын қолына 166 135 теңге алса, төртінші разрядты оператор 199 608 теңге алады. Ал бесінші разрядтағы оператордың айлығы 247 427 теңге.  

Арнайы техника машинистерінің жалақылары да осындай тәртіппен әркелкіленеді.

Айталық "Өзенмұнайгаз" компаниясының бесінші разрядты мұнай өндіруші автоцистерна машинисінің орташа айлық жалақысы 268 783 теңге болса, тап осы көлікті тіркемесімен бірге жүргізетін машинистің айлығы 30 мың теңгеге көп.

Сондай-ақ жүктерді байлап, бекітумен айналысатын мамандық иесінің жалақысы оның разрядына байланысты. Төртінші разрядты ұңғыларды жерастында жөндейтін және жүкті байлап бекітетін маман 183 270 теңге алса, оның бесінші разрядты әріптестері 226 673 теңге алады.

Сонымен қатар "Өзенмұнайгаз" ұжымында жұмыс істейтін жоғары білімді және тәжірибелі инженерлік-техникалық мамандық иелері  жұмысшы кәсіп иелеріне қарағанда жалақыны көбірек алады. Осы орайда көптеген азаматтардың еңбек жолдарын осы жұмысшы мамандықтардан бастайтынын айта кету керек.

Олар өздерінің шеберліктерін жетілдіре және білімдерін тереңдете отырып, еңбек лауазымын  бірте-бірте жоғарылата береді. Мысалы 10 разрядты бақылау-тексеру құрылғылары мен автоматтандыру инженерінің айлық жалақысы 260 168 теңге болса, мұнай мен газды өндіру цехы бастығының айлығы 407 768 теңге.

Аталғандармен қоса жұмыс беруші мен кәсіподақ арасында 2011 жылдың ақпанында қол қойылған компанияның ұжымдық келісімге байланысты міндеттемелері бар.

Осы құжат аясында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының барлау-өндіру ұжымы бір жұмысшысы үшін жылына сауықтыру, азық-түлікпен қамтамасыз ету, балалардың демалысы, денсаулығына байланысты демалыстары мен еңбек демалысына  қажетті төлем ретінде жылына 1 миллионға жуық теңге бөледі.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша мемлекетте орташа айлық жалақының көлемі 83 276 теңгені құраған. Ал кен өндіру өнеркәсібіндегі орташа жалақы  155 мың теңге. Маңғыстау облысындағы айлық жалақы 138,3 мың теңгенің көлемінде.

Источник: Алтын Орда

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 57

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .