Финансы
203469 "Тұтынушылардың сезіну индексі" 2011 жылғы қарашада (+20)% құрады, деп... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстандықтардың сатып алу ынтасы артты

"Тұтынушылардың сезіну индексі" 2011 жылғы қарашада (+20)% құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі. 

Қазақстандықтардың сатып алу ынтасы артты
Фото: NUR.KZ

"Тұтынушылардың сезіну индексі" 2011 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсіп, (+20)% құрады. 2011 жылғы қарашада респонденттердің 35%-ы соңғы 12 ай ішінде еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсарғанын атап өтті, сол уақытта респонденттердің 14%-ы жағдайдың нашарлағанын хабарлады.

"Экономикалық ахуал индексі" 2 пайыздық тармаққа өсіп, (+20)% құрады. Респонденттердің үштен біріне жуығы (34%) алдағы 12 айда елдегі жалпы экономикалық жағдайдың одан әрі жақсаратынын күтеді, ал 14%-ы жағдайдың нашарлауы мүмкін деп есептейді.

"Сатып алу тілегінің индексі" өткен аймен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсіп, (+20)% құрады. Респонденттердің үштен бірінен астамы (35%) 2011 жылғы қарашада жеке үй шаруашылығындағы қаржы жағдайының жақсарғанын және тиісінше, өткен аймен салыстырғанда ұзақ пайдаланатын тауарларға сұраныстың төмендегені туралы хабарлады. Сонымен бірге, респонденттердің 15%-ы өз үй шаруашылығындағы қаржы-экономикалық жағдайдың нашарлағанын атап өтті.

Респонденттердің 8%-ның пікірі бойынша еліміздегі жұмыссыздық деңгейіне қатысты ахуал алдымыздағы 12 айдың ішінде жақсарады десе, сол кездегі сұралғандардың 3%-ы оған қарама-қарсы пікірді ұстанады. Алдымыздағы 12 айдың ішінде үй шаруашылығындағы ақшалай қорланым сомасының өсу мүмкіндігін сұралған тұтынушылардың 16%-ы атап өтсе, ал 15%-ы оның кемитінін айтты.

 

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .