Финансы
203253 Бұл жолы санақ агенттінің қызметкерлеріне ақыл айтып, сапасын арттырат... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Халықаралық ұйымдардан тағы да қарыз алатын болдық

Бұл жолы санақ агенттінің қызметкерлеріне ақыл айтып, сапасын арттыратын шетелдік мамандарға айлық төлеу үшін. 

Халықаралық ұйымдардан тағы да қарыз алатын болдық
Фото: profinance.kz

Дегенмен, сарапшылар қазір Қазақстанның сырттан бір тиын қарыз алатын жөні жоқ деп отыр. 

Ұлттық статистика жүйесін халықаралық дережеге жеткізу үшін бізге шетелдіктердің көмегі ауадай керек.

Оған қол жеткізу үшін сырттан елу миллион долларға жуық несие алуымыз шарт.

Агенттік басшысы Әлихан Смайлов бүгін сенаторлар алдына осылай алақан жайып келді. Оның бұйымтайын құп көргендер керекті келісімді бір ауыздан мақұлдап жіберді.

Дегенмен, "әй осы есеп бойынша біздің Қазақстаннан бай мемлекет жоқ қой" деп аңтарылып қалғандар да болды. 

ҒАНИ ҚАСЫМОВ, СЕНАТОР: 

- Біздің бюджетте ақша артылып жатыр. Алтын және ұлттық қор барған сайын көбею үстінде. Ал, сырттан алған қарыздарымыздың жиынтығы жүз миллиардқа жетті. Ал, біз әлі күнге дейін қарыз сұрау әдетінен айырыла алмай келеміз. 

ҚАЙРАТ МӘМИ,СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ:

- Шешім қабылданып кетті. Үкіметтің осында өкілдері отырған шығар. Алдағы уақытта шетелдік сарапшылардың айлықтарын төлеу үшін неси алғанды доғару керек деп ойлаймыз. 

Рұқсат беріп алып, доғару керек деп ақыл айтудың елді жақсылыққа апармасы анық. Тіпті Англияның тумасы, "Самұрық-Қазына" қорының басқарушы директоры Хауз Питер де біздің қарыз алғыштығымызға қайран қалып отыр.

Ол Қазақстан өз байлығын ақылмен пайдаланса өзі түгілі өзге мемлекеттердің экономикасын гүлдендіріп жібере алады дейді. 

ХАУЗ ПИТЕР, "САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА" АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: 

- Ұлттық қорда қырық миллиард доллар бар емес пе? Қазақстан осы мол қаржының арқасында ел ішіндегі ғана емес, шетелдегі экономиканы жақсартуға мүмкіндік молаяды. Мәселен, Қытай дағдарыс кезінде әлемдегі алпауыт компаниялардың үлесін сатып алып, технологиялық, экономикалық табыстаға кенелді. 

"Қазақстанға дағдарыс келе жатыр" деген пікірмен белгілі қаржыгер Ораз Жандосов келіспейді. Оның айтуынша, алдағы үш жылдың бюджетінде әлемуеттік салаға, айлық пен зейнетақыға жұмсалатын қаржының көлемі артпаған.

Яғни, инфлияцияның қосымша шарықтауына себеп жоқ. Сондай-ақ, берекемізді келтірген шикізаттың әлемдегі бағасы құлдырап та кетпейді дейді. 

ОРАЗ ЖАНДОСОВ, ҚАРЖЫГЕР: 

- Әлемде мұнай бағасы 2009 жылдың бірінші тоқсанындағы секілді құлдырап түспейді. Бұл қаржы көзі азаймайды деген сөз. Екіншіден, макроэкономикалық тұрғыдан банктердің жағдайы қауіп тудырмайды. Себебі, олардың қаржылық көлемі жалпы ішкі өнім деңгейіне жетпейді. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін премьер-министр Кәрім Мәсімов дағдарыстың үшінші толқыны келе жатыр деп тон пішкен болатын. Тіпті осы пікірдің қызуынан ба, дағдарысқа дайындалайық деген сылтаумен мәжіліс те мерзімінен бұрын тарап кеткен болатын. Бүгнгі "Сарапшы" клубында бас қосқан экономистер эконикалық дағдарыс келе жатыр деген пікір саясаттың тепкісінен туған деп тарқасты.

Источник: Алматы ТВ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .