Финансы
201528 Отандық кәсіпкерлер мен білім беру саласының сарапшылары Астанада тағы... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Ел экономикасы отандық мамандарға зәру

Отандық кәсіпкерлер мен білім беру саласының сарапшылары Астанада тағы бір мәрте бас қосып, ел экономикасына қажетті маман даярлау мәселесін талқылады. 

Ел экономикасы отандық мамандарға зәру
фото с сайта i-news.kz

Осымен үшінші рет өткен "Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты" атты халықаралық форумы білім мен бизнес арасындағы әріптестік байланыстардың бар екендігін көрсетті.

Дегенмен бұған дейін сұранысқа сай кәсіби маман даярлау жұмысына қатысты көтерілген түйткілді мәселелер әлі күнге дейін шешілмей жатыр. 

Ақша бар, енді нақты жұмыс қажет

Негізі, бүгінде отандық білім беру мен бизнес саласы арасындағы байланыс күшейіп келеді.

Ірі кәсіпорындар кәсіптік білім беру жүйесіне қыруар қаржы салып, жас мамандарды даярлау ісіне белсене қатысуда.

Бірақ ел экономикасына қажетті нақты мамандықтардың тізімі әлі де жоқ. Себебі бұл салада түбегейлі зерттеу жұмы­сы қолға алынбай жатыр. Осыған орай, министр Б.Жұмағұлов кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық портал құруды ұсынып отыр.

Оның негізінде ел экономи­касына қажетті мамандықтардың картасын енгізу жоспарланған. Ал арнайы рейтинг осы жұмыстағы аймақтық бәсекені күшейте алады. Дейтұрғанмен, бүгінде бізде кәсіптік білім беруді көздейтін стан­дарттар тым аз.

Қазіргі кезде оның тек екеуі ғана әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Бірін­шісі мұнай-газ саласына арналса, екін­шісі туризм мен қонақүй қызметін қамтиды. Министрлік 2012 жылда бұл стандарттар­дың санын кем дегенде 147-ге дейін жеткізуді көздеп отыр.

Жалпы, оның саны 300-ден асуы тиіс. Осыған орай, Дүниежүзі банкі Қазақстандағы кәсіптік білім беру стандарттарын әзірлеу үшін 33 млн АҚШ доллары көлеміндегі займ ұсынды. Ал Үкімет 2015 жылға дейін еліміздегі техни­ка­лық және кәсіптік білімді дамытуға 90 миллиардтан астам теңге бөлді.

Министр Б.Жұмағұлов бұл ақшаны тиімді пайдала­нуға шақырып отыр. "Негізі, Мемлекет басшысы жоғары білімі бар мамандарды даярлау жұмысын да қайта қарауды тап­сыр­ған болатын. Сондықтан жақын арада бұл мәселе де Үкімет отырысының күн тәртібіне енгізілетін болады", – деп атап көрсетті министр.

Қашағанды өзіміз игеруіміз қажет

"Атамекен" одағы болжап отырғандай, Кедендік одақ толық күшіне еніп, еуразия­лық экономикалық кеңістіктің шекарасы ашылғаннан кейін, кәсіби маман нарығын­дағы бәсеке күшейе түседі. Мәсе­лен, алда­ғы уақытта Каспий шельфін­дегі Қашаған кен орнына 15 мың кәсіби жұ­мыс­шы қажет болады.

"Иә, бұл Үкімет пен отандық биз­нес үшін үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Себебі бізде әлі күнге дейін экономиканың нақты салалары бойынша маман сұраны­сын анықтайтын нақты зерттеу жоқ. Ал үш жылдан кейін Қашаған жобасы іске қосы­лады. Сол кезде жерде және теңізде жұмыс істей алатын 15 мың кәсіби жұмысшы қажет болады", – дейді "Атамекен" одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Бай­мұханов.

Бұдан басқа, бүгінде "Қазморт­ранс­флот" ұлттық компаниясында қалып­тасқан жағдай үлкен алаңдаушылық туғы­зып отыр. Онда жұмыс істейтін мамандар­дың 97 пайызы – ресейлік және украиналық азаматтар. Қазіргі кезде олар да басқа жаққа ауысып жатыр. Ал олардың орнын басатын кәсіби маман жоқ. Бүгінде "Қаз­мортрансфлот" ұлттық компаниясының құрылғанына он жыл толса, бұл мәселе тиісті деңгейде көтерілмей жатыр. 

Биылдан бастап енгізілген кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін басқарудың жаңа үлгісі қазіргі түйткілді жағдайды шешуге көмектеседі деген сенім бар. Онда жергілікті кеңестердің жұмысына негізгі басымдық беріліп отыр.

Себебі олардың ұсынысы негізінде мемлекеттік тапсырыс әзірленіп, жас мамандарды оқыту жұмысы жүргізіледі. Дегенмен бүгінде экономи­каның мұнай-газ және кеме қатынасы сияқты стратегиялық маңызы бар бағыттар бойынша нақты сұраныстың бар екендігі аян. Сондықтан, ең алдымен, осы салалар­ға қажетті мамандарды даярлауды қолға алсақ игі.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 3

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .