Финансы
201102 Терроризмді қаржыландыруға тосқауыл қоюдың қандай тетіктері бар? ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Шетелден келіп жатқан қомақты қаржыны қатаң бақылау ұсынылды

Терроризмді қаржыландыруға тосқауыл қоюдың қандай тетіктері бар? 

Шетелден келіп жатқан қомақты қаржыны қатаң бақылау ұсынылды
фото с сайта klaipeda.diena.lt

Асхат Бекенов, Парламент депутаты:

–Терроризмді кімдер, қалай қаржыландырып отырғанын анықтау қиынның қиыны. Өйткені лаңкестік әрекеттерге бағытталған қаржы мейлінше сақ әрі құпия аударылып жатады. Сондай-ақ банк­тер­ден мүлде басқа мақсатқа жұмсалатындай  етіп өтеді.

Мәселен, құрылысқа, бизнеске. Сондықтан да қандай да бір механизмді қолдану мүмкін емес сияқты. Тек құзырлы орындар, атап айтсам, қаржы мониторингі комитеті сырттан келіп жатқан қомақты қаржыларды қатаң ба­қы­лауға алып, оған монито­ринг жүргізіп отыруға жіті қараулары тиіс дер едім.

Әсіресе, терроризм жиі орын ала­тын елдерде, нақ­тырақ айтсам, Пәкістан, Ауған­с­тан, Үндістан сияқ­ты мемлекеттерден аударылып жат­қан қаржыны мұ­қият тексермесе болмайды. Елде орын алған жағ­дайлардан кейін кез келген сақтық ша­ра­ларын қол­дануға тура келіп тұр. Қуаныштысы, біздің елде терроризмді қаржыландыруға мүдделілер әзірге жоқ. Бәрі сырттан келіп жатқан пәлекет.   

Мүсірәлі Өтебаев, Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы: 

– Біріншіден, қоғамға лаңкестік әрекеттердің қаншалықты зардап әкелетінін, адамзат баласының дамуына қандай кесапат тигізетінін үздіксіз құлағдар етіп отыру керек. Қоғамның сауатын арттырып, жаппай терроризмге қарсы тұруына қол жеткізу қажет.

Екіншіден, соңғы кездері жиі орын алып кеткендей адамдардың түрлі діни ағымдарға кіріп кетулеріне жол бермеуге тиіспіз. Өйткені экстремистік топтардың ішінде қарапайым адамдардың саналарын улап, өздерінің арам ойларын солар арқылы жүзеге асыратындар аз емес.

Тіпті діни болмаса да, сау адамды ауру қылатын неше түрлі ағымдар қазір жетіп жатыр. Негізі, терроризмді миллиардтаған қаржы жұмсамай-ақ, аз ғана қаражатпен де жасауға болады. Сондықтан да күдік туғызған жағдайда кімнің болса да қалай қаржыландырып, оны қандай мақсатқа жұмсағалы жүргендерін тексеріп отыру қажет. 

Терроризм жиі орын ала­тын елдерде, нақ­тырақ айтсам, Пәкістан, Ауған­с­тан, Үндістан сияқ­ты мемлекеттерден аударылып жат­қан қаржыны мұ­қият тексермесе болмайды

"Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы" заң бар. Сол заңды басшылықққа алып, оны іс жүзінде жүзеге асырып отырсақ та бірталай проблеманың оң шешілетіні сөзсіз. 

Әлбетте терроризмді қаржыландырып отырғандар сырттан келеді. Олардың бар мақсаты – қоғамдағы тұрақтылықты бұзу. Сол арқылы деген­деріне жету. Ал Қазақстан қазір саяси жағынан да, экономикасы жағынан да қарқынды дамып, талайларды қызықтырып тұр. 

Уәлихан Төлешов, саясаттанушы:

– Менің ойымша, терроризмді қаржыландыруға тосқауыл қоюдың ең ұтымды жолы – ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беру, оларды отансүйгіштікке баулу, ел ретінде береке-бірлікте өмір сүруге талпыну, өзіміздің ру­хани, мәдени құндылықтарымызды бағалай отырып, тарихты дә­ріптеу.

Қазақ халқы – руха­ни зор байлықтың мұрагері. Ал рухани бай­лық – ұлт пен мем­ле­кеттің тірегі және елдің қалыптасуының ке­пілі. Рас, бұл ора­сан күшті, көп уақытты, сабыр мен төзімді қажет ете­ді. Терроризмді қаржыландырып отырған саяси ұйымдар дер едім.

Ел ішіне іріткі салу арқылы, олар билікке ұмтылады. Мі­не, осы тұр­ғы­да айтқанда, біз үшін экспан­сияшыларды емес, то­леранттық көз­қарасты ұрпақ тәрбие­леуге бар күшімізді салуы­мыз керек.

Біздің елдегі жағдай терроризм емес. Әзір­ге жекелген діни ағым­дардың, яғни экстремистік топ­­тардың на­ра­зылық акциялары. Мәселен, олар Қазақстан­ның діні бөлек шетел­дер­мен қарым-қатынасымызға қар­сы бо­лулары мүмкін. Енді осы экстре­мистік топтардың наразылық ак­­ция­ларын терроризмге ұлас­тырмауының жолын қарастыр­ма­са бол­май­ды. 

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .