Финансы
199146 Берік Бейсенғалиев; Бағаның көтерілуінен қорқудың еш жөні жоқ ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстандағы ет бағасы Кеден одағындағы өзге елдердің бағасымен теңеседі

Бүгінгі күнде Қазақстан қой мен сиыр етін өндіруде өзі тұтынатын өнімді толық шығарып отыр. 

Қазақстандағы ет бағасы Кеден одағындағы өзге елдердің бағасымен теңеседі
фото с сайта focus.kz

Оны "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның басқарма төрағасы Берік Бейсенғалиев бүгін Алматыда ҚазАгро" Қазақстан-Түркия іскер адамдар қоғамы өкілдерімен болған кездесуде айтты.

"Қазір дүниежүзіне ет экспорттаушы Аргентина, Бразилия сияқты елдер өз әлеуетінің ең жоғарғы шегінде тұр. Олар оны бұдан әрі қарай ұлғайтуға мүмкіндігі жоқ. Ал сұраныс артпаса, кемімейді. Қазақстанда 180 миллион гектар жайылым бар, 25 миллион гектар суармалы жер бар.

Оны 50 миллионға дейін көбейтуге болады. Сондықтан бағаның көтерілуінен қорқудың еш жөні жоқ. Баға өзге елдерден төмен болса, біздің елімізде өндірілген еттің бәрі сыртқа кететін болады", - дейді Б.Бейсенғалиев. Қазіргі күні Қазақстан 800 мың тонна ет өндіреді. Оның 400 мыңы ірі қара малдың, 120 мыңы - қойдың еті.

Берік Тұрсынбекұлының айтуынша, ірі қара мен қойдың еті Қазақстанда қажетті деңгейде өндірілгенімен Кеден одағы аумағында шекара ашық болғандықтан, баға жоғары болған соң, Ресейге шығарылуда. Сол себепті ішкі нарықтағы баға да көтерілуде. Оның жақсы жағы да, жаман жағы да бар.

Жалпы ішкі нарықта ет бағасының өсуі тұтынушы үшін қолайсыз болғанымен, өндірушілер үшін қолайлы. Ол мал шаруашылығы саласында жұмыс жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашуда. Рентабельділігі төмен болғандықтан бұрын оны қаржыландыруды дамытуға ынта болған жоқ еді. Биыл "ҚазАгро" холдингінен несие алуға кезекті тұрғандар саны күрт көбейіп отыр.

 
 

 

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 5

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .