Финансы
198077 Үстіміздегі жылдың тоғыз айында Қытайдан Қазақстан Республикасының аум... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Жыл басынан бері Қытайдан Қазақстан аумағына 47 мыңға жуық автокөлік жеткізілді

Үстіміздегі жылдың тоғыз айында Қытайдан Қазақстан Республикасының аумағына 47 мыңға жуық автокөлік жеткізілді. 

Жыл басынан бері Қытайдан Қазақстан аумағына 47 мыңға жуық автокөлік жеткізілді
фото с сайта bnews.kz

"2011 жылдың тоғыз айында Қытай Халық Республикасынан  Қазақстан Республикасының аумағына 46 774 автокөлік жеткізілді.

Бюджетке 70 814,5 млн. теңгенің кедендік баждары мен салықтары (КБС) өндірілді.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 687,7 млн. теңгеге артық", - деп атап өтті бүгін ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 9 айдағы қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында Комитет төрағасының орынбасары Дина Мамашева.

Бүгінгі күні Қытай Қазақстанның сыртқы саудадағы негізгі әріптесі болып табылады. Кедендік статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылы Қазақстанның сауда айналымындағы ҚХР-дың үлесі 19,3 пайызды құрады.

 Д.Мамашеваның айтуынша, тауарға тиелген 1 жүк көлігінен кедендік баждар мен салықтарды өндіріп алуда да оң үрдіс қалыптасып отыр. Егер 2011 жылдың сәуірінде 25 тонналық жүк көлігінен КБС түрінде орташа алғанда 912,9 мың теңге өндіріп келінсе, 2011 жылдың қыркүйегінде бұл көрсеткіш 2,5 млн. теңгеге жетті.

Ал киім-кешек, аяқ киім сынды біртекті тауарлар ресімделетін болса бір көліктен өндіріп алынатын КБС 8-ден 15 млн. теңгеге дейін жетеді. Кедендік бақылау комитетінен мәлім еткендей, мұндай ресімдеулердің саны арту үстінде.

"Қытай бағыты бойынша кедендік әкімшілік етудің сапасы артқанын кедендік статистикалар да айғақтап отыр. ҚХР-мен импорт 26 пайызға немесе 573 млн. долларға артты. Соның ішінде, бұған дейін кішігірім саудагерлер тауарларды оңайлатылған түрмен өткізіп келуіне байланысты ресми статистикаға енбей келген тауарлардың импортты артты.

Атап айтқанда, аяқ киім, бас киімдер мен галантерея бұйымдарының импорты 32,5 млн. долларға немесе 4 есеге артты. Тоқыма және тоқыма заттарына импорт 46 пайызға немесе 30 млн.-ға жуық долларға, былғары мен аң терісінің шикізаты және олардан жасалған заттарға импорт 57 пайызға немесе 5 млн. долларға ұлғайды. Бүгін бұл тауарлар ресми тіркеліп, бюджетке тиісті түсімдер түсіп отырады", - деп түйіндеді Д.Мамашева.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .